Түркістан облысының тұрғындарына жайлы жағдай жасау мақсатындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Облысқа қарасты Кентау қаласында балалар ойын алаңшасының құрылысы қарқын алды. Ойын алаңшалары қаладағы Шүлембаев № 8, 10 және Т.Рысқұлов № 5, 7, 9, «Шахтерская» көшелерінің аумағына салынуда. Құрылыс жұмыстарын қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланған.
Бұдан бөлек, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 120,7 млн теңгеге 2 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына балаларға арналған спорттық ойын алаңшалары орнатылады. Сонымен қатар, қала аумағында 9 көпқабатты тұрғын үй аулаларына асфальт жабындысын төсеу және автотұрақтар салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, биыл Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында демеушілер есебінен 2 балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.
Жалпы, Кентау қаласында 56 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде, 33 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларына асфальт төсеу, балалар ойын алаңшасын орнату және абаттантыру мақсатында жобалау сметалық құжаттамалар әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Аталған жұмыстардың сметалық құны – 2,8 млрд тенге. Республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылды.
Сапалы интернет желісі — қоғамның барлық дерлік саласында елеулі үлесі бар.Түркістан облысы әкімінің апталық мәжілісінде өңірді сапалы ғаламтормен қамту мәселесі талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға ІТ саласын дамыту, жолдардың бойынша интернет байланысын күшейту, […]
Түркістан облысының бірқатар аймақтарында ауыз су мәселесі өзекті. Кейбір аумақта табылған су тартылып кетсе, енді бір аудандарда ұңғыма қазу жұмыстары нәтиже бермеуде. Осыған орай өңірде елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аталған мәселе […]
Түлкібас ауданында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бұл саланың өркендеп, гүлденуіне үлес қосып жүрген серіктестіктер де аз емес. Соның бірі «Майлыкент Агро» ЖШС-і. Аталған серіктестік 2018 жылы мемлекет тарапынан 106 млн. теңге жеңілдетілген несие […]
Пікір қалдыру