Ағымдағы жылдың жиырма үш, жиырма бесінші тамыз аралығында Астана қаласындағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында он тоғызыншы Қытайлық тауарлар көрмесі өтті.
Көрмеге ауданымыздың «Хамит» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативының тауарлары қойылып, Шардара ауданы әкімдігінен аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, аудандық ауыл шаруашылық бөлімнің басшысы Т.Әлімқұл, Көксу аауылдық округы әкімі Б.Кошхарбаев және бірқатар кәсіпкерлер барды.
Электромобильдер, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтары, агротехнологиялар мен ауылшаруашылық өнімдері, автокөлік бөлшектері, құралдар, құрылыс материалдары, жарықтандыру құралдары, ванна мен ас үйге арналған керек-жарақтар, жиһаз, тұтыну тауарлары, тоқыма бұйымдары, аяқ киім мен бас киімдер, сөмкелер, азық-түлік, тұрмыстық техника, электр тауарлары және тағы басқаларды қамтитын ауқымды көрмеде инвестиция тарту және тәжірибие алмасу мақсатында кәсіпкерлер бірқатар Қытайлық компаниялармен келіссөздер жүргізді.
Соңғы жылдары Шардара ауданы Түркістан облысындағы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің біріне айналды. Әсіресе ауданның туристік әлеуеті жыл сайын артып, Шардара су қоймасына келушілер саны еселеп көбеюде. Бұл өз кезегінде аудан басшылығы мен жергілікті билік […]
Шымкент қаласының ресми және іскерлік делегациясының сапары аясында Қытайдың Сиань қаласында Бас консулдықтың қолдауымен бауырлас қалалалардың кәсіпкерлерінің қатысуымен сауда-экономикалық форум өтті. Сондай-ақ, Шымкенттің 20-ға жуық компаниясы мен Қытайдың 30-дан астам кәсіпорын өкілдері арасында B2B-кездесулер өтті. […]
Бүгін Шардара қаласында сазгер, әнші Лесбек Амановтың 70 жылдығына арналған «Қара бауыр қасқалдақ» атты облыстық ән байқауы өтті. Байқауға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, сазгердің бауыры мен ұл-қыздары қатысты. Екі кезең бойынша өткен сайыста үміткерлер […]
Пікір қалдыру