ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ЖАПОНИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шардара ауданына «Agriqa Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен бірлескен Жапония елінің «Marubeni Protechs Corporation» компаниясының өкілі Сода Анаму мырза келіп, аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Бауыржан Шомпиевтың қабылдауында болып, бірқатар тың жобалар талқыланды.

Айта кету қажет, екі жақты кездесудің күн тәртібіндегі «Agriqa Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі инвестициялық жобасын Жапония компаниясымен бірлесе іске асырылатындығы айтылып, тиісті жұмыстарды бастау көзделіп отырғандығы сөз болды. Қазіргі таңда жобаны іске асыруға жер учаскесі таңдалып, тиісті құжаттары рәсімделіп, құрылыс жұмыстарын қаржы мәселелерінің шешілуіне қарай бастау күтілуде. Инвесторлардың мақсаты ауданда өндірістік жылыжай кешені, гранулалы құрама жем шығару кәсіпорыны, сублимациялық цех, томат өңдеу зауыты сынды бағыттарда жұмыс жасау.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*