Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасымен, жергілікті бюджет есебінен қалалық емханаға баратын жаңа жолдың құрылысы аяқталып, пайдаланылуға берілді.
Ұзындығы екі жүз отыз бес метрді құрайтын жол аудан тұрғындарының емханаға кептеліссіз келіп-кетуі мен жедел жәрдем көліктері кеңсесіне кедергісіз кіріп-шығуына мол мүмкіндік бермек.
Айта кетсек, екі мың жиырма төртінші жылға Шардара қаласындағы он алты көшеге тас төсеу және асфальт жабынын төсеуге жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, Шардара қаласындағы О.Жандосов, Шоқан Уәлиханов, Юсупов, Смағұлов-Алаш, Бауыржан Момышұлы, Ақан Сері және Жаңа емханаға баратын жолға асфальт жабыны, Тәуелсіздік, Қорқытата, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу, Мұнайбаза, Мұса Жәлел, Т.Рысқұлов көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне берілді. Қалған Құршан Ералиев, Әбілхан Қастеев, Ерәлиев көшелеріне асфальт жабынын төсеу мақсатында тегістеу, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы екі мың жиырма төртінші жылдың қыркүйек айының соңына дейін толық аяқтап, тұрғындар игілігіне табыстау жоспарлануда.
Сонымен қатар “Ауыл Ел бесігі” бағдарламасы аясында Қоссейіт ауылдық округіндегі тоғыз көшеге асфальт жабыны төселуде.
Шымкент қаласында қазіргі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, жол жөндеу жұмысы қарқынды жүруде. Сондай-ақ, құрылысшылар нысанды мерзімінен бұрын тапсыруды жоспарлап отыр. Қаладағы автомобиль жолдарының құрылысымен танысқан БАҚ өкілдері бірнеше нысандағы жөндеу жұмысының барысын көрді. Әуелі «Ақжайық» […]
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев КХ-72 «Шардара-Абай» бағытындағы облыстық маңызы бар автожолдың жөндеу жұмыстарының барысымен арнайы танысты. Жалпы ұзындығы 19 шақырымды құрайтын бұл жол аудан тұрғындары үшін стратегиялық маңызға ие. Себебі, бұл бағыт ауыл шаруашылығы […]
2025 жылғы 16 мамырда Шардара ауданындағы «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ұлттық мәдениетті ұлықтауға арналған ерекше танымдық іс-шара өтті. «Қазақтың зергерлік бұйымдары» атты дөңгелек үстел басында ұлттық зергерлік өнердің тарихы, маңызы және тәрбиелік мәні кеңінен […]
Пікір қалдыру