Шардара ауданында 2025 жылғы 6 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет үйінде өткен бұл маңызды жиынға мемлекеттік құрылымдардың басшылары, ауған соғысының ардагерлері, әскери қызметкерлер, бөлім басшылары және қала тұрғындары қатысты.
Мерекелік шара барысында аудан әкімі Арман Қарсыбаев сөз алып, жиналған қауымды қос бірдей айтулы күнмен құттықтады. Өзінің құттықтауында ол Отан қорғаушылардың қажырлы еңбегі мен ел алдындағы ерлігіне ерекше тоқталып, қазіргі жас буынның да батыр бабалар жолын лайықты жалғастырып келе жатқанын атап өтті.
«Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірін қорғауға әрқашан дайын тұрған азаматтарға, әскери борышын абыроймен өтеп жүрген жауынгерлерге, ардагерлерге арналған құрмет күні. Елін сүйген, туған жерін қорғауды қасиетті парыз санаған азаматтарымыздың ерлігі мен ерік-жігері – нағыз патриотизмнің үлгісі. Ауданымызда да ел қорғаны болуға әзір, Отан алдындағы жауапкершілікті терең сезінетін азаматтар өсіп келеді. Бұл – үлкен мақтаныш. Батыр бабалардың жолын жалғап келе жатқан әрбір азаматқа бас иеміз. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасы амандығын, бейбіт өмір мен баянды болашақ тілеймін! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!» – деді аудан басшысы.
Іс-шара аясында ауданның қорғаныс және қауіпсіздік саласында қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтар мен ардагерлерге Шардара ауданының 60 жылдық мерейтойлық төсбелгілері табысталды. Сонымен қатар аудан прокуроры Алмас Әлі, аудандық полиция бөлімінің бастығы Шералы Әділханұлы және ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков мерекелік лебіздерін білдіріп, сала ардагерлері мен қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды.
Мерекелік шара соңы патриоттық рухтағы әндер мен қойылымдарға ұласқан концерттік бағдарламаға жалғасып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шардара ауданына жыл соңына дейін 10 миллиард теңгенің инвестициясын тарту жоспарланып отыр. Бұл қомақты қаржыға 15 жоба жүзеге асырылады екен. Олардың ішінде ең ірісі «Казкрахмал» ЖШС-нің жүгері зауыты болмақ. Құны 7 миллиардты құрайтын өндіріс орнында […]
Шардара ауданындағы су жүйелері соңғы рет жарты ғасыр бұрын тазаланыпты. Арық-атыздардың табаны лай бақпаққа толып қалған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардара ауданына іссапарында Көксу ауылдық округінің шаруаларымен кездесті. Әкім 10-ға жуық ауыл орналасқан бұл […]
Шардара қаласы әкімдігіне қарасты «Шардара қаласының шаруашылық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі негізінен қала ішіндегі саябақтар мен скверлердің тазалығымен, көгалдандыру, абаттандыру жұмысымен айналысады. Көше бойындағы суағарлар мен аяқжолдар тазалығы, ағаштардың күтімі, саябақтағы жарық шамдарының түгелдей жанып […]
Пікір қалдыру