Шардара ауданының әкімі А.Қарсыбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлерін арнайы құттықтады.
Аудан басшысы тыл ардагерлері – Сраил Сахов, Анатолий Семенович Коломыц және Айдын Оразбекованың шаңырақтарына барып, құрмет көрсетті. Кездесу барысында ол ардагерлерге зор денсаулық, отбасы амандығын және ұрпақ қызығын көруді тіледі.
“Сіздердің соғыстан кейінгі жылдардағы қажырлы еңбектеріңіз – бүгінгі ұрпақ үшін үлгі. Бейбіт күн үшін Сіздерге бүкіл аудан халқы атынан алғыс білдіремін,” – деді А.Қарсыбаев.
Кездесу соңында ардагерлерге Алғыс хаттар, Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды.
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың «әр ауыл округте шағын кәсіпорын немесе цех ашу қажет»- деген тапсырмасына сәйкес, Шардара ауданына қарасты Көксу ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Әлтай Заур «Ауыл Аманаты» жобасымен несиелендіріліп, өз кәсібін дөңгелетуде. Қазіргі […]
Шардара қаласында аудан жастарына арналған маңызды іс-шара – «Қаржылық сауаттылықты арттыру және борышкерлерге құқықтық қолдау көрсету» жобасы аясындағы ашық форматтағы семинар өткізілді. Жастардың қаржылық және құқықтық мәдениетін арттыруды көздеген бұл басқосуды «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық […]
Шардара ауданында тамшылатып суару әдісін пайдаланып, жүгері егуге ниет білдірген түрік инвесторлар бар. Облыс әкімі инвесторлармен зауыт ашу мәселесін талқылады. Мемлекеттен қолдау болатынын айтып, Түркия елінен келген кәсіпкерлерге негізгі талаптарды түсіндірді. – Бізге ең керегі […]
Пікір қалдыру