Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың «әр ауыл округте шағын кәсіпорын немесе цех ашу қажет»- деген тапсырмасына сәйкес, Шардара ауданына қарасты Көксу ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Әлтай Заур «Ауыл Аманаты» жобасымен несиелендіріліп, өз кәсібін дөңгелетуде. Қазіргі таңға кәсіпкер жем майдалау цехы мен автожуу бекетін іске қосты. Сонымен қатар, қосымша мақта түту цехы, желімдеу,және дәмхана нысандарының құрылысын жүргізуде. Бүгінгі күні ол 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Кәсіпкердің жұмысымен танысуға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев арнайы барып, Әлтай Заурдың жұмыс жоспарларын тыңдады. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге деген қолдауларды түсіндіріп, кәсібіне сәттілік тіледі.
Сырдария өзенінің маңындағы елді мекен тұрғындары үшін көктем мен жаз мезгілдерінде шіркей мәселесі айтарлықтай қолайсыздық тудыратыны белгілі. Соңғы күндері шіркей санының артуына байланысты Шардара ауданында залалсыздандыру жұмыстары жүйелі түрде күшейтілуде. Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына […]
Шардара ауданына жыл соңына дейін 10 миллиард теңгенің инвестициясын тарту жоспарланып отыр. Бұл қомақты қаржыға 15 жоба жүзеге асырылады екен. Олардың ішінде ең ірісі «Казкрахмал» ЖШС-нің жүгері зауыты болмақ. Құны 7 миллиардты құрайтын өндіріс орнында […]
Шардара ауданы бойынша 3 елді мекен (Қазақстан, Целинный, Ұзын ата) табиғи газ көзіне қосылған – деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап. Былтыр аймақта 6 нысан құрылысы облыстық бюджет қаржысы есебінен жүргізіліп, пайдалануға […]
Пікір қалдыру