Мегаполистің микроклиматын қалыптастырып, жасыл желекті көбейту мәселелері қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тікелей бақылауында.
Бүгін қала басшысы тұрғындармен бірге аллеяның ашылуына қатысты. Желтоқсан көшесінде демеушілер есебінен салынған демалыс аймағының жалпы ауданы шамамен төрт мың шаршы метрді құрайды. Халыққа ыңғайлы болу үшін жаяу жүргіншілер жолының бойында заманауи жарықтандыру шамдары, орындықтар, шағын сәулет нысандары орнатылды, сондай-ақ суармалы көгалдар қарастырылып, жасыл желектер отырғызылды.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта Еңбекші ауданында тағы бір сквердің құрылысы жүргізілуде.
Жібек жолы, Сайрам көшелерінің қиылысында жаңа серуендеу аймағы пайда болады. Бұл жоба да бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылады.
В Шымкенте сотрудник Патрульного полка Полиции департамента города, лейтенант полиции Нуркен Абдижаппар удивил коллег и общественность: он выучил и свободно воспроизводит все 45 «Слов назидания» великого казахского поэта, мыслителя и просветителя Абая Кунанбайулы. Это событие […]
Қазіргі таңда Шымкент қаласы аумағында жалпы көлемі 210 гектар жер телімін құрайтын 10 саябақ, 44 гүлзар мен аллеялар, сондай-ақ 117 гектар аумақты қамтитын Дендросаябақ бар. Ағымдағы жылы Сәуле және Шымсити шағын аудандарындағы екі саябақтың құрылысы […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің ресми парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, қалада «Зеленая балка» деп танымал шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасы әзірленді. Бұл жобаның басты мақсаты — қаланың шеткі аймақтарының инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік және экономикалық ахуалды түзету, тұрғындардың […]
Пікір қалдыру