Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының, Мақтаарал ауданының учаскелік референдум комиссиялары мүшелерін каскадты әдіс бойынша оқу семинарларын өткізу кестесіне сәйкес, Атакент кенті әкімі аппаратының акт залында Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен «Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері» тақырыбында Мақтаарал ауданының 26 учаскелік референдум комиссиялары мүшелеріне оқыту семинары өткізіледі. Оқыту семинарға 200-ге жуық комиссия мүшелері қатысты.
Семинарда Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының хатшысы Г.Калдарбеова тыңдаушыларға 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу және өткізудің ұйымдастырушылық аспектілерін түсіндірді. Сонымен қатар, республикалық референдумды өткізудің құқықтық негіздері мен референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді түсіндіріп өтті.
Кездесуде Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Д.Ерімбетов республикалық референдумды өткізу кезінде ақпараттандыру, байқау және үгіт мәселелері, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерге тоқталып, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарын түсіндіріп өтті.
Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Д.Ерімбетов оқыту семинарды қорытындылай келе барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинарда қатысушылар өздерінің сұрақтарына жауаптар алып, учаскелік референдум комиссияларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы бірыңғай заңнама бойынша тест тапсырды.
Президенттің Жолдауында өңірлерді дамыту және инвестиция тарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттағы жауапкершілік тек орталық билікке емес, жергілікті басшыларға да жүктелуі тиіс екені айтылды. Әр өңірдің әкімдері белсенділік танытып, арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарды […]
Қазіргі алмағайып кезеңде әлем елдері сын-қатерлермен қатар жаңа мүмкіндіктер дәуіріне қадам басып отыр. Осындай тарихи өтпелі шақта Мемлекет басшысының Жолдауы – Қазақстанның даму жолын айқындайтын, терең ойластырылған әрі нәтижеге бағытталған құжат ретінде қабылданды. Президент ауыл […]
«Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді. Бұл жерде білім беру саласы айрықша рөл атқарады. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қалған мектептердің […]
Пікір қалдыру