
Президенттің Жолдауында өңірлерді дамыту және инвестиция тарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттағы жауапкершілік тек орталық билікке емес, жергілікті басшыларға да жүктелуі тиіс екені айтылды. Әр өңірдің әкімдері белсенділік танытып, арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарды тиімді пайдалану арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға және терең өңдеу өнеркәсібін дамытуға күш салуы қажет.
Мен бұл бастамаларды өте дұрыс деп есептеймін. Сонымен қатар, кәсіпкерлікке қатысты салық және мемлекеттік органдардың бақылау шаралары тек жазалау емес, ескерту ретінде жүргізілуі керек деген ұсыныстар да маңызды. Көптеген кәсіпкерлердің есепшілері тәжірибесіздік немесе білместік салдарынан қате есеп тапсыруы мүмкін. Мұндай жағдайда бірден айыппұл салу әділетсіздікке әкеледі. Ескерту жасау – болашақта қателіктерді болдырмауға бағытталған тиімді әрі тәрбиелік тәсіл болады.
Президенттің өңірлерді дамыту, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу және шағын әрі орта бизнесті қолдау жөніндегі бастамалары кәсіпкерлерге үлкен қолдау әрі нақты бағыт береді. Әрбір өңірдің басшылығы орталыққа ғана қарап қоймай, өз күш-жігерін салуы керек. Индустриалды және арнайы экономикалық аймақтарды тиімді пайдалану халықтың тұрмысын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға жол ашатыны анық.
Талғат Исхаков,Мәслихат депутаты
Пікір қалдыру