Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 32 жыл толып тұр. Осы ретте Жетісай қаласындағы «М.Горький» атындағы №1 мектеп-гимназиясында ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында бейбіт тұрғындардың тыныштығын күзетуде ерен еңбек етіп, Ішкі Істер органдарында қызмет атқару кезінде қаза тапқан полиция полковнигі Серікбаев Әбдіғаппар Бердіқұлұлының есіміне берілген «Полиция сыныбы» ашылды.
Сыныптың ашылу салтанатына Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен Түркістан облысы полиция депертаменті тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мақсат Асқаров, аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Адайбеков Шохан Жолдасбекұлы мен облыстық ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанәділ Құмарбеков, аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Сапарбеков Адилбек Әбдіраймұлы мен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Сакен Досымов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Маханбет, Әбдіғаппар Серікбаевтың отбасы мен ағайын-туыстары қатысты.
«Отанды сүю – өз еліне адал берілгендік. Оған қалтқысыз қызмет ету – оның мүдделері мен қауіпсіздігін қорғау. Отанды қорғау ісіне ардагерлеріміздің үлгісімен әрқашан дайын болып, намыс туын жоғары ұстау баршамыздың міндетіміз. Тек қана оңтүстік өңіріне ғана емес күллі республикаға, қала берді алыс-жақын шет елдерге ҚАПАШ есімімен танылған Әбдіғаппар Бердіқұлұлының есімімен аталатын сыныпта білім алатын оқушылардың да нағыз елжанды, іскер, жаңашыл болып қалыптасатынына күмәнім жоқ» деген аудан басшысы жас полицейлерге куәлік тапсырды.
Елімізде пандемияға байланысты шектеу шаралары күшейтіліп, індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында биыл мешіттерде Құрбан айт намазы оқылмайды. ҚМДБ тарапынан «www.qurban2020.kz» сайты арқылы құрбандық онлайн жүйесі арқылы қабылданып, мұқтаж отбасыларға таратылады. Мұқтаж отбасылардың тізімдері мен […]
Төлеби аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Интернет‑алаяқтық: сақтан, сенбе, қорған» атты ақпараттық форум — заманауи сандық кеңістіктегі қылмыстарды алдын алу мен тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды шара. Оған аудан әкімдігі, құқық қорғау […]
Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлеріне тұмауға қарсы екпе егу жүргізілді. Облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты мекеме және пробация бөлімінің жеке құрамы өзінің жұмыс орны бойынша аудандардағы емханаларда тұмауға қарсы тегін екпе қабылдады. -«Жылда күз […]
Пікір қалдыру