Облыс орталығы мәртебесін иеленгелі Түркістан қаласының даму қарқыны күшейді. 2020 жылы шаһар көшелерінің 44,6% жарықтандырылған еді. Ал 2022-2023 жылдар аралығында атқарылған жұмыстардың нәтижесімен қала аумағындағы жарықтандыру көрсеткіші 80%-ды құрады. Мамандардың мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы құрылысы жоспарланған 218 көшедегі жұмыстар аяқталған соң, қала көшелерінің жарықтандырылуы 95%-ға жетеді. Бұл шаһар тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен қаланы көрікті ету мақсатында жасалып отыр.
Сондай-ақ қала аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1050 жол белгісі орнатылып, 70-ке жуық көше, мектептер мен балабақшалардың жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жүргізілді. 39 орынның жасанды жол кедергілері жаңартылды. Жолдаушыларды заңсыз тасымалдаған қоғамдық көліктерге 25-тен аса хаттама толтырылды.
Түркістан қаласының облыс орталығына айналғанына қатты қуанып жатырмыз. Елбасының өзі мәртебелі Жарлыққа қол қойды. Бұл, әрине, бәрімізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Енді бірлігіміз бен ынтымағымыз жарасқан аймақ екендігімізді күллі жұртқа көрсете білуіміз керек. Түркістан қаласының жаңарып, жасаруына, көркеюіне әрқайсымыз өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Бұл үшін «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», қолдан келген көмегімізді аямауға тырысайық. Әрине, барлығы бірден керемет болып кетеді деу қиын, сабырлылық пен ынтымақты серік етсек алынбайтын қамал жоқ. Елін, жерін сүйетін әрбір азамат сырттан сынап отырмай, облыс орталығының өркендеуіне көмектесіп, белсенділік танытады деген ойдамын.
2024–2025 оқу жылы Түркістан қаласындағы мектеп түлектері үшін айрықша табысты әрі есте қаларлық жыл болды. Қалалық білім бөліміне қарасты 37 мемлекеттік және қала аумағындағы 8 жекеменшік мектепті 3063 оқушы аяқтап шықты. Олардың 2468-і Ұлттық бірыңғай […]
Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын әзірлеу барысы жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен вице-министрлер жұмыс сапарымен келді. Осыған дейін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қаламызға ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын әзірлеп, талқылауға […]
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Түркістан қаласының мәдениет күндеріне орай, Түркістан «Халық театры» «САФ АЛТЫН АРЫСТАР» көрінісін сахналады. Сондай-ақ, мәдени шарада қала тұрғындары мен қонақтары арқан тарту, қазақша күрес, асық ату, ләңгі тебу, қошқар […]
Пікір қалдыру