Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жарлығымен 6 қазанға республикалық референдум тағайындады. Референдумның қарауына «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесізбе?» деген сауал енгізіліп отыр.
Референдум өткізу барысында референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімі жасалады. Нақтылы тізімге енгізу үшін оның осы референдум учаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу фактiсi негiз болады.
Дауыс берушілердің тұрғылықты жерi бойынша тiзiмiн тиiстi жергiлiктi атқарушы орган жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде жасайды.
Әрбiр референдум учаскесi бойынша референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне әкiм қол қояды және ол дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын акт бойынша ұсынылады.
Жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдары тиiстi ұсынған дауыс берушілер тiзiмдерiнiң, сондай-ақ дауыс берушілер туралы деректердiң анықтығы үшiн жауапты болады.
Әр бір азамат бiр ғана дауыс берушілер тiзiмiне ене алады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 26- бабының 1- тармағына сәйкес «Азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша құрылған референдум учаскелерiндегi референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн дауыс беретiн күнге он бес күн қалғанда тиiстi референдум комиссиялары танысу үшiн дауыс берушілерге бередi»- делінген. Сол себепті әр азаматқа тиiстi референдум комиссияларының үй-жайларында дауыс берушілер тiзiмiмен танысу, сондай-ақ оларға енгiзiлген дауыс берушілер жөнiндегi деректердiң дұрыстығын тексеру мүмкiндiгi берiлген.
Әрбiр азамат тiзiмдегi өзi туралы деректердi тексеруге және тiзiмге енгiзiлмегенi, дұрыс енгiзiлмегенi немесе тiзiмнен шығарып тасталғаны, сондай-ақ тiзiмдердегi дауыс беруші туралы деректерде жаңсақтық жiберiлгенi үшiн шағымдануға құқылы. Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу, одан шығару не тізімдерге түзетулер жасау қажеттiгi туралы арыздарды тиiстi референдум комиссиясы арыз келiп түскен күнi қарайды. Арыз мақұлданбаған жағдайда референдум комиссиясы арызданушыға оның арызының мақұлданбағаны туралы дәлелдi шешiмнiң көшiрмесiн кешiктiрмей бередi. Шешiмге референдум комиссиясы орналасқан жердегі тиiстi сотқа шағым жасалуы мүмкін, сот шағымды келіп түскен күні қарайды. Арызданушы үшiн дұрыс шешiм қабылданған жағдайда референдум комиссиясы дауыс берушілер тiзiмiне түзетудi немесе енгiзiлмеген дауыс берушіні тiзiмге енгiзудi дереу жүргiзедi.
Дәулет ЕРІМБЕТОВ,
Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы
Ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл №38 референдум учаскесінде дауыс берді. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері еліміздегі аса маңызды шешімдер халықтың пікірін ескеріп барып қабылданатынын атап өтті. -Бүгін — еліміз үшін маңызды күн. […]
Уроженка Шымкента Фарида Джубаева давно живет за рубежом. Однако гражданство свое она не меняла, оставаясь в душе и по паспорту казахстанкой. По семейным обстоятельствам ей предстояла поездка в Казахстан, но Фарида все откладывала ее, стараясь […]
Шымкентте ерекше қажеттіліктері бар 3615 сайлаушы тіркелген және оларға ыңғайлы болу үшін сайлау учаскелерінде барлық қажетті жағдайлар жасалған. 1512 мүмкіндігі шектеулі азамат үшін 28 мамандандырылған инватакси жұмыс істеуде және оларды учаскелерге тасымалдауды қамтамасыз етеді. Есту […]
Пікір қалдыру