Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Құрсай елді мекені А-2 жолы мен маразат аумағында тазалық жұмыстары жүргілді.
Аталған акцияға Тұран коммуналдық мекемесінің, «ШСК» ЖШС-ның қызметкерлері, сонымен қатар, Экология департаменті, «Жасыл ер» жастар жасағы, барлығы 200 адам қатысты. Сонымен қатар, 10 техника жұмылдырып, 150 тонна қоқыс шығарылды.
Айта кетейік, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында барлық өңірлерде алдын ала елді мекендердің ластанған аумақтарының карталары жасалды. Әр бейсенбіде партияластар, белсенділер, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері осы аумақтарды қоқыстардан тазартуға шығады. Кейіннен әрбір ластанған учаскеге партияның бастауыш партия ұйымдары мен аудандық филиалдары бекітілетін болады, олар ай сайын бекітілген учаскелерде тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ урналарды орнату, аумақтарды көгалдандыру, жолдар мен тротуарларды жөндеу сияқты инфрақұрылымды абаттандыру мен дамытуға байланысты мәселелерді шешеді. Үнемі тазалық пен тәртіпті сақтау жобаның барлық қатысушыларының қоршаған ортаға жауапкершілікпен және саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал ете отырып, күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналады.
Сонымен қатар саябақтар мен гүлзарлардың айналасындағы бар қоқыс сыртқа шығарылып, артық өскен бұта-шөптері оталып, ағаш түптері әктеліп, қаланың көркі болған саялы мекендердің реңі кіріп қалды. Тал-терегі жайқалған демалыс аймақтарын тазалап тұрудың да өзінше мәні зор. Себебі жасыл желекті алқаптар өндірісі өрістеген, күн санап кәсіпорын қатары көбейіп келе жатқан алып мегаполистің өкпесі іспетті. Сол себепті, саябақтарды жыл он екі ай күтіп ұстау, жасыл желек қатарын көбейту, шаһар экологиясы үшін өте маңызды. Оның үстіне күн ыстық кезде салқын жер іздеп, дамыл табатын қолайлы орын – саябақтар. Оның тазалығына көңіл бөлу тек әкімдіктің емес, барша тұрғынның міндеті болса керек-ті.
Журналис, қоғам белсендісі Ерсұлтан Әмірбек өзінің фэйсбук парақшасында «ШЫМКЕНТТІҢ МӘДЕНИЕТІ» ТҮГЕЛІМЕН ТҮРКІСТАНҒА КӨШІП КЕТТІ МЕ» деген тақырыпта пост жариялады — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. «Расы керек оңтүстіктің мәдениет саласында «сен тұр, мен атайын» деген […]
Шымкенттегі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы қарқынды. Миллионды қала атанғалы кәсібін өрге домалатып, халықтың игілігіне жұмыс істеп жатқандардың саны күн санап артып келеді. Қала экономикасына тікелей ат салысу үшін әлі де жан -жақты ізденіс қажет. […]
Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданы аумағында ұзындығы 732 шақырымды құрайтын 728 көше мен өткел бар. Жолдардың 535 шақырымы, яғни 73 пайызы асфальт, 158 шақырымы (21,6 пайыз) тас, 38 шақырымы (5,3%) топырақты құрайды. Тұрғындардың ыңғайына қарап, […]
Пікір қалдыру