Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Құрсай елді мекені А-2 жолы мен маразат аумағында тазалық жұмыстары жүргілді.
Аталған акцияға Тұран коммуналдық мекемесінің, «ШСК» ЖШС-ның қызметкерлері, сонымен қатар, Экология департаменті, «Жасыл ер» жастар жасағы, барлығы 200 адам қатысты. Сонымен қатар, 10 техника жұмылдырып, 150 тонна қоқыс шығарылды.
Айта кетейік, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында барлық өңірлерде алдын ала елді мекендердің ластанған аумақтарының карталары жасалды. Әр бейсенбіде партияластар, белсенділер, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері осы аумақтарды қоқыстардан тазартуға шығады. Кейіннен әрбір ластанған учаскеге партияның бастауыш партия ұйымдары мен аудандық филиалдары бекітілетін болады, олар ай сайын бекітілген учаскелерде тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ урналарды орнату, аумақтарды көгалдандыру, жолдар мен тротуарларды жөндеу сияқты инфрақұрылымды абаттандыру мен дамытуға байланысты мәселелерді шешеді. Үнемі тазалық пен тәртіпті сақтау жобаның барлық қатысушыларының қоршаған ортаға жауапкершілікпен және саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал ете отырып, күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналады.
Сонымен қатар саябақтар мен гүлзарлардың айналасындағы бар қоқыс сыртқа шығарылып, артық өскен бұта-шөптері оталып, ағаш түптері әктеліп, қаланың көркі болған саялы мекендердің реңі кіріп қалды. Тал-терегі жайқалған демалыс аймақтарын тазалап тұрудың да өзінше мәні зор. Себебі жасыл желекті алқаптар өндірісі өрістеген, күн санап кәсіпорын қатары көбейіп келе жатқан алып мегаполистің өкпесі іспетті. Сол себепті, саябақтарды жыл он екі ай күтіп ұстау, жасыл желек қатарын көбейту, шаһар экологиясы үшін өте маңызды. Оның үстіне күн ыстық кезде салқын жер іздеп, дамыл табатын қолайлы орын – саябақтар. Оның тазалығына көңіл бөлу тек әкімдіктің емес, барша тұрғынның міндеті болса керек-ті.
Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында мемлекетімізде көптеген маңызды шаралар жүзеге асырылуда. Олардың бірі — Мемлекет басшысының бастамасымен басталған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы. Бұл бастама Қазақстанның әрбір аймағында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша […]
Команда и спортсмены Шымкентского городского спортивного училища №13 для детей и подростков поддержали экологическую акцию «Таза Казахстан». На сегодняшний день экологические проблемы стали одной из самых актуальных тем в мире. Загрязнение воздуха, низкое качество воды, […]
«Asia Trafo» – қазақстандық «Alageum Electriс» электр машина жасау саласындағы жетекші өндірушісі құрамына кіретін, Орталық Азиядағы кернеуі 110, 220, 500 кВ қуаты 500 МВА дейінгі трансформаторлық жабдықтар шығаратын ең ірі зауыт. Зауыт 2018 жылдың желтоқсанында […]
Пікір қалдыру