Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын жүзеге асыру аясында Шымкентте «Таза Қазақстан» жобасына тұрақты түрде қолдау көрсетілуде.
Полиция қызметкерлері әкімдік қызметкерлерімен бірлесе отырып, қоғамдық орындарды ластаушы тәртіп бұзушыларды анықтап, жауапкершілікке тарту жұмыстарын белсенді жүргізуде. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары 55 мыңнан астам әкімшілік хаттамалар толтырып, 255 миллион теңгеден астам айыппұл салған.
Мәселен, «Қоғамдық орындарды ластау» 434-2 бабы бойынша 10 902 құқық бұзушылық анықталып, тіркеліп, 145 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша «Қаланы абаттандыру, инфрақұрылымды бұзу, жасыл желектерді жою және бүлдіру қағидаларын бұзу» 20 974 құқық бұзушы анықталып, оларға 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Сонымен бірге, ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы «Автомобиль жолдарын, темір жол өткелдерін және басқа да жол құрылыстарын бүлдіру» талаптарын бұзғаны үшін 22 770 адамға 103 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл белгісіз орындарға коммуналдық қалдықтарды тастап, ұсақ бұзақылық жасағандар үшін жаза күшейтілген болатын. Енді мұндай құқықбұзушылықтар үшін едәуір қомақты айыппұлдар салынып, әкімшілік қамауға алынады.
Атап айтқанда, заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, анықталмаған орындарға коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады.
Сондай-ақ, 434-2-бап «Қоғамдық орындарды ластау» бойынша айыппұлдар артты. Саябақтарды, алаңдарды ластағаны және белгісіз орындарға коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін айыппұл 10 АЕК (бұрын 5 АЕК) құрайды. Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда айыппұл 10-нан 20 АЕК-ке дейін өседі.
Ал 434-бап «Ұсақ бұзақылық» бойынша ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, қоғамдық орындарды, көліктегі мүлікті және басқа да қоғамдық орындарды бүлдіру енді 50 АЕК (бұрын 20 АЕК) мөлшерінде айыппұл салуға немесе немесе 5 күннен 20 күнге дейін әкімшілік қамаққа алуды көздейді (бұрын 15 күнге дейін). Бір жыл ішінде қайталап құқық бұзушылық орын алса әкімшілік қамауға алу 20-дан 30 тәулікке дейін (бұрын 15 тәулікке) ұзартылады.
Бұл бағыттағы жұмыстар қала аумағында жалғасын табуда.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Шымкент қаласы Құрсай елді мекеніндегі Әл-Фараби атындағы мектепте ерекше кездесу ұйымдастырылды. «Қауіпсіз қала» тақырыбымен өткен жиынға ата-аналар, мұғалімдер, полиция департаментінің қызметкерлері және орталық мамандары қатысты. Кездесудің басты […]
26 августа в Шымкенте военнослужащие 1-го батальона оперативного назначения воинской части 6506 Национальной гвардии МВД Республики Казахстан в ходе планового патрулирования столкнулись с двумя различными происшествиями. В обоих случаях их действия позволили избежать серьёзных последствий […]
Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық гвардиясына қарасты 6506 әскери бөлімінде 2025 жылғы бірінші шақырылым бойынша міндетті әскери қызмет атқаруға келген жауынгерлерді Әскери антқа бекітуге арналған салтанатты рәсім өтті. Бұл күні 400-ге жуық […]
Пікір қалдыру