Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Түркістан сарайында» орналасқан референдум учаскесінде АЭС салу мәселесі бойынша дауыс беруге қатысты.
Айта кетейік, Шымкентте 344 учаскесі ашылды, онда тұрғындар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өз пікірлерін білдіре алады.
Шымкентте 18 жасқа толған 660 563 тұрғын дауыс беру құқығына ие.Референдумға 344 учаске ашылды, оның 23-і жабық, бұл азаматтардың ерекше санаттары үшін дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін бүкіл республика бойынша референдум өткізілуде. Республикалық референдумға бір ғана мәселе шығарылды.
Дауыс беруге арналған бюллетеньде «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауал қойылады. Оған «иә» немесе «жоқ» деген жауаптар беріледі.
Референдум күні Шымкенттегі қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайтынын атап өткен жөн, бұл учаскелерге баратын азаматтарға қолайлылықты қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы аумағында жалпы көлемі 210 гектар жер телімін құрайтын 10 саябақ, 44 гүлзар мен аллеялар, сондай-ақ 117 гектар аумақты қамтитын Дендросаябақ бар. Ағымдағы жылы Сәуле және Шымсити шағын аудандарындағы екі саябақтың құрылысы […]
Шымкенттегі 4 су қоймасында су мөлшері қалыпты. Қала аумағында орналасқан су қоймаларынан келер қауіп жоқ. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды. Жиында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков […]
По инициативе прокуратуры Каратауского района в Шымкентском университете состоялось значимое мероприятие под названием «Егемен ел – жарқын болашақ» («Независимая страна – светлое будущее»). Встреча была посвящена вопросам укрепления правосознания и профилактики правонарушений среди несовершеннолетних. Перед […]
Пікір қалдыру