Шымкент үшінші мегаполис. Ал мегаполистің инфрақұрылым саласы әрқашан күннің өзекті тақырыптарының бірі. Инрфақұрылым ең алдымен қарапайым халықтың өмір сүру сапасын арттырып, арнайы қолайлықты арттырып қаланың дамуына үлес қосу. Соның бірі қаланың инфрақұрылым саласының бір бөлігі шаһарымызда салынып жатқан жер өткелдерін айтуымызға болады. Жер өткелдері миллионды қалаға әбден керек -ақ. Күн санап, халық саны көбейіп жатыр. Соған сай көліктер де көбейіп, кептелістің болары анық. Осы олқылықтан шығудың жалғыз жолы — жер асты өткелі.
Салынған өткелдердің сапасы мен тазалығын жіті қадағалау қажет. Ол жер қоқысқа толып, шаңнан көз ашпай жатса, тұрғындарға зиян. Осыған орай Мемлекет басшысының тазалыққа үндейтін бағдарламаларына өткелдердің тазалығы да енген.
Абай ауданы аумағында орналасқан жерасты өткелдеріндегі санитарлық тазалық жұмыстары «Абай» КММ-і тарапынан күнделікті күндізгі және түнгі кезекшілік бойынша атқарылады.
Айта кетейік, ауданға қарасты 6 жерасты өткелі бар. Атап айтсақ, А-2 айналма жолы,
Жиделібайсын көшесі, Темірлан тас жолы Алаш базары алдындағы және Бекжан базары маңында, сонымен қатар, Төлеметов және Бәйдібек би көшелерінде орналасқан.
Жалпы қаланың келбеті сәулетті үйлермен, жасыл саябақтармен шектелмейді. Қаланың ажары оның тазалығына да байланысты. Сондықтан, акция аясында бұл бағыттағы жұмыстар аудандағы елдімекендер мен көпқабатты тұрғын үйлер аулаларында кестеге сәйкес жүргізілуде.
Еліміздің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға бағытталған жалпыұлттық экологиялық бастама – «Таза Қазақстан» акциясы өткізіліп келеді. Қазақстан халқын туған табиғатқа қамқорлық жасау идеясының төңірегінде біріктіретін бұл акцияға осы уақытқа дейін үш миллионға жуық адам қатысып, миллион тоннадан астам қоқыс жиналды, 100 мың түп ағаш егілді.
Табиғатқа қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыру және елдегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында осы жылдың сәуір айының басында қолға алынған акция алғашында мынадай 5 апталыққа жоспарланған еді.
Жалпы қаланың келбеті сәулетті үйлермен, жасыл саябақтармен ғана шектелмейді. Қаланың ажары оның тазалығына да байланысты.
Соңғы жылдары қалада жер асты өткелдері бірінен соң бірі салынып жатыр. Алдағы жылдары да пайдалануға берілетіндері бар. Жер асты өткелдері жолаушыға да, жүргізушіге де тиімді. Бұл күн санап көлік ағыны күшейіп келе жатқан мегаполис жолдарындағы біраз мәселені шешеді. Көлік кептелісінің, жол-көлік оқиғаларының алдын алады.
Сондықтан, қала тазалығын басты назарда ұстап, қоқысты арнайы контейнерлерге салуды әдетке айналдырыңыздар! Қаламыздың жасыл әрі таза шаһарға айналуы сіз бен бізге байланысты.
Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта демеушілердің қолдауымен бірнеше маңызды жобалар жүзеге асырылып, көріктендіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Саябақтың кіреберіс қақпасы жанындағы аймақта қалалық әуежайдың демеушілігімен заманауи спорт алаңы салынды. Жаңа спорт аймағы қажетті барлық құрал-жабдықтармен […]
2025 жылдың 1-10 шілде аралығында Шымкент қаласы аумағында Полиция департаменті бастығының арнайы нұсқауына сәйкес «Қару» атауымен жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Бұл акцияның басты мақсаты – қаладағы криминогендік жағдайды тұрақтандыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңсыз […]
2025 жылдың 29 шілдесінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастамасымен маңызды қызметтік кездесу ұйымдастырылды. Бұл шараға қала әкімі аппаратының терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссиясы мен оның жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері, […]
Пікір қалдыру