Шымкент үшінші мегаполис. Ал мегаполистің инфрақұрылым саласы әрқашан күннің өзекті тақырыптарының бірі. Инрфақұрылым ең алдымен қарапайым халықтың өмір сүру сапасын арттырып, арнайы қолайлықты арттырып қаланың дамуына үлес қосу. Соның бірі қаланың инфрақұрылым саласының бір бөлігі шаһарымызда салынып жатқан жер өткелдерін айтуымызға болады. Жер өткелдері миллионды қалаға әбден керек -ақ. Күн санап, халық саны көбейіп жатыр. Соған сай көліктер де көбейіп, кептелістің болары анық. Осы олқылықтан шығудың жалғыз жолы — жер асты өткелі.
Салынған өткелдердің сапасы мен тазалығын жіті қадағалау қажет. Ол жер қоқысқа толып, шаңнан көз ашпай жатса, тұрғындарға зиян. Осыған орай Мемлекет басшысының тазалыққа үндейтін бағдарламаларына өткелдердің тазалығы да енген.
Абай ауданы аумағында орналасқан жерасты өткелдеріндегі санитарлық тазалық жұмыстары «Абай» КММ-і тарапынан күнделікті күндізгі және түнгі кезекшілік бойынша атқарылады.
Айта кетейік, ауданға қарасты 6 жерасты өткелі бар. Атап айтсақ, А-2 айналма жолы,
Жиделібайсын көшесі, Темірлан тас жолы Алаш базары алдындағы және Бекжан базары маңында, сонымен қатар, Төлеметов және Бәйдібек би көшелерінде орналасқан.
Жалпы қаланың келбеті сәулетті үйлермен, жасыл саябақтармен шектелмейді. Қаланың ажары оның тазалығына да байланысты. Сондықтан, акция аясында бұл бағыттағы жұмыстар аудандағы елдімекендер мен көпқабатты тұрғын үйлер аулаларында кестеге сәйкес жүргізілуде.
Еліміздің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға бағытталған жалпыұлттық экологиялық бастама – «Таза Қазақстан» акциясы өткізіліп келеді. Қазақстан халқын туған табиғатқа қамқорлық жасау идеясының төңірегінде біріктіретін бұл акцияға осы уақытқа дейін үш миллионға жуық адам қатысып, миллион тоннадан астам қоқыс жиналды, 100 мың түп ағаш егілді.
Табиғатқа қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыру және елдегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында осы жылдың сәуір айының басында қолға алынған акция алғашында мынадай 5 апталыққа жоспарланған еді.
Жалпы қаланың келбеті сәулетті үйлермен, жасыл саябақтармен ғана шектелмейді. Қаланың ажары оның тазалығына да байланысты.
Соңғы жылдары қалада жер асты өткелдері бірінен соң бірі салынып жатыр. Алдағы жылдары да пайдалануға берілетіндері бар. Жер асты өткелдері жолаушыға да, жүргізушіге де тиімді. Бұл күн санап көлік ағыны күшейіп келе жатқан мегаполис жолдарындағы біраз мәселені шешеді. Көлік кептелісінің, жол-көлік оқиғаларының алдын алады.
Сондықтан, қала тазалығын басты назарда ұстап, қоқысты арнайы контейнерлерге салуды әдетке айналдырыңыздар! Қаламыздың жасыл әрі таза шаһарға айналуы сіз бен бізге байланысты.
Шымкенттік кәсіпкерлер тасқыннан зардап шеккен Түркістан облысының Мақтаарал ауданында болып, тұрғындармен жүздесті. Сапар мерекемен тұспа-тұс келгендіктен қалалық Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Қайрат Молдасеитов пен Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабиштаев бастаған делегация Өргебас […]
Шымкентте 110 кВ кабельдік желімен жабдықталған 36 МВт қосалқы станция іске қосылды. Іске қосу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы бұл жобаның энергия тапшылығын болдырмауда маңызы зор екенін атап өтті. «Шымкент — қарқынды […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Мұрат Дүйсенбекұлы Президентке Шымкенттің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындысы туралы баяндап, аймақты одан әрі өркендету жоспарымен […]
Пікір қалдыру