Қаламыздың жанашыр тұрғындары “Мұз сарайының” тағдырына алаңдаулы. Себебі, бұл мегаполистегі қысқы спорт түріне бағытталған жалғыз орын.
Қазіргі таңда қала әкімдігі тарапынан халық игілігі үшін бірқатар нысанды мемлекет меншігіне қайтаруда кешенді жұмыстар жүргізілуде. Олардың қатарында “Мұз сарайының” ғимаратына қатысты да іс шаралар бар.
Нысан осыдан жеті жыл бұрын «Мұнай Құрылыс Сервис» ЖШС-не 128 миллион теңгеге сатылған. Жалпы сол кездегі ғимаратты бағалау құны 996 миллион теңге болған. Жеңімпазбен шарт жасалғанмен, келісімде нысанның бейінін сақтау көрсетілмеген.
Осындай жәйттерді ескере келе қала прокуратурасы тексеру шараларын жүргізіп, мемлекеттік мүддеге қайшы ұйымдастырылған аукцион барысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Қадағалау органы Шымкент қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына мемлекеттің үлесін сатып алу келісім-шартын жарамсыз деп тану туралы талап-арыз жолдаған болатын. Сот шешімімен прокуратураның арызы қанағаттандырылды. Осылайша, «Мұз сарайы» мемлекет меншігіне қайтарылды.
Сенбілік — тазалық кепілі. Әр адам сенбілікке кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Олар сенбілікке шығу арқылы тазалыққа деген жауапкершілікті нығайтады. Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Абай ауданының […]
«АМАНАТ» Партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдумға қатысып, №231 референдум учаскесінде өзінің дауысын берді. «Бұл оқиға бүкіл ел үшін үлкен маңызға ие. Әркім өз құқығын пайдаланып, дауыс беруі […]
Шымкент қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл жол саласын дамыту мақсатында 256 нысанның жөндеу-құрылыс жұмыстарына бюджеттен жалпы 26,9 млрд теңге қаралған. Республикалық бюджеттен – 4,8 млрд, ал жергілікті бюджеттен – 9,8 млрд теңге бөлініпті. […]
Пікір қалдыру