Қаламыздың жанашыр тұрғындары “Мұз сарайының” тағдырына алаңдаулы. Себебі, бұл мегаполистегі қысқы спорт түріне бағытталған жалғыз орын.
Қазіргі таңда қала әкімдігі тарапынан халық игілігі үшін бірқатар нысанды мемлекет меншігіне қайтаруда кешенді жұмыстар жүргізілуде. Олардың қатарында “Мұз сарайының” ғимаратына қатысты да іс шаралар бар.
Нысан осыдан жеті жыл бұрын «Мұнай Құрылыс Сервис» ЖШС-не 128 миллион теңгеге сатылған. Жалпы сол кездегі ғимаратты бағалау құны 996 миллион теңге болған. Жеңімпазбен шарт жасалғанмен, келісімде нысанның бейінін сақтау көрсетілмеген.
Осындай жәйттерді ескере келе қала прокуратурасы тексеру шараларын жүргізіп, мемлекеттік мүддеге қайшы ұйымдастырылған аукцион барысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Қадағалау органы Шымкент қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына мемлекеттің үлесін сатып алу келісім-шартын жарамсыз деп тану туралы талап-арыз жолдаған болатын. Сот шешімімен прокуратураның арызы қанағаттандырылды. Осылайша, «Мұз сарайы» мемлекет меншігіне қайтарылды.
Биыл маусым айында Жібек жолы – Сайрам көшелері қиылысында жаңа гүлзар ашылып, пайдалануға берілген болатын. Жаңа әлеуметтік нысан кәсіпкерлер тарапынан іске асырылды. Жаңа нысанның ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков те қатысып, тұрғындармен кездескен еді. Еңбекші […]
Бұл жөнінде қалалық құрылыс басқармасының 2023 жылы атқарған жұмыстары бойынша өткен баспасөз брифингінде Олжас Тәжібаев мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, 2023-2025 жылдар аралығында қаламызда 18 жайлы мектеп салынуы қажет. Соның ішінде 12 мектептің құрылысы өткен жылы […]
Шымкентте балалар алаңшалары, спорт алаңшалары мен скверлердің құрылысын қаржыландыру үшін 5,8 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбековтің «Шымкент қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы» жөніндегі баяндамасында айтылды Шымкент қаласы соңғы жылдары айтарлықтай даму […]
Пікір қалдыру