қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең ірі электр компаниясы “Alageum Electric” директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясовпен кездесті. Кездесу барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Басты мақсат – Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін тұрақты әрі тиімді энергетикалық жүйе құру.
Мегаполис басшысы қалада халықты электр қуатымен қамту жұмыстарында қиындықтар бар екенін атап өтті. Әрі бұл мәселе тұрғындардың қолайлығы үшін маңызды рөл атқарады. Қала күн сайын өсіп, жаңа шағынаудандар мен әлеуметтік нысандар бой көтеріп жатыр. Сәйкесінше электр желілеріне де жүктеме артып келеді. Бұған ескі трансформаторлардың қуаты жеткіліксіз, әсіресе жауын-шашын кезінде халықты әбігерге салады. Өйткені, трансформаторлардың басым бөлігі 1970 жылдары іске қосылған.
Компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қала әкімдігіне қарасты тозығы жеткен трансформаторларды ауыстырып, күрделі жөндеу жүргізу жұмысын өз міндетіне алып отыр. Бұдан бөлек, қаланы электр қуатымен қамтамасыз етуде негізгі артериялардың бірі саналатын «Бозарық» қосалқы станциясындағы трансформаторлар да жөндеуден өтеді.
Айта кетейік, ескі трансформаторларды ауыстыру қала тұрғындарына электр энергиясын жеткізу бойынша сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, әрі авариялық апат қаупін азайтады.
Кездесу соңында мегаполис басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында бизнестің маңызды рөл атқаратынын айтып, компания басшылығына маңызды жобаларды жүзеге асырудағы белсенді ұстанымы үшін алғысын білдірді.
Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығында «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының қалалық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл маңызды іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы қатысып, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған […]
Қараша айында еліміз бойынша өткізілген «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласының Құрылыс басқармасының қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақты тазарту жұмыстарын жүргізді. Бұл экологиялық шараның мақсаты – қаламыздағы тазалықты сақтау, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту және […]
Елімізде 19 қазан – құтқарушылар күні. Соған байланысты Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бекзат Қамбаров құтқарушылардың атқарған жұмысы туралы баяндап, жетістіктері мен халық үшін атқарған қызметі жайлы айтты. […]
Пікір қалдыру