Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндері аясында өткен салтанатты концерт екі елдің арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонның қатысуымен өткен шарада «Кохи Борбад» сарайында Қазақстан мен Тәжікстанның өнерпаздары өз өнерлерін паш етті. Astana ballet, «Астана Опера» театрының хоры және Hassak этно-фольк тобы Тәжікстан көрермендеріне ұмытылмас әсер қалдырды.
Сонымен қатар, 22 тамыз күні Орта Азияның шежірелі Худжанд қаласында 2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласының өнерпаздары да концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Концерттік бағдарлама «Шымкент концерт» концерттік ұйымының Қазақ ұлт аспаптар оркестрі және «Қазына» би ансамблінің орындауында Сүгірдің «Ыңғайтөк» күйі мен Құрманғазының «Балбырауын» күйінен тұратын «Думанды дәурен» композициясынан басталып, дәстүрлі әндер мен қазақ классикалық жауһарларымен жалғасты.
Концертте Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет» поэмасы Қазақ ұлт аспаптар оркестрімен орындалды. Шымкент қалалық опера және балет театрының солисті, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Үралхан Сейілбекова Латиф Хамидидің «Бұлбұл» шығармасын орындап көрерменді тәнті етті. Сонымен қатар, домбыра шеберлері қазақ композиторлары Е. Хасанғалиев, Қ. Мырзалиев, И. Байзақ, Қ. Жапсарбаев және К. Әзірбаевтың туындыларын орындап, Худжандтық көрермендердің ыстық ықласына ие болды.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы және Тәжікстан Республикасының екі жақты өзара қатынасы достық сипатта және жоғарғы дәрежедегі саяси ынтымақтастық бағытында дамып келеді. Қазақстанның мәдениет күндері аясында Душанбе, Худжанд және Бохтар қалаларында мәдениетаралық байланыстарды кеңейтуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті.
2025 жылғы 2 қыркүйекте Шымкент қаласында еліміздің қорғаныс саласы үшін маңызды тарихи оқиға орын алды — Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы Сабыр Рахымовтың есімі берілген әскери колледждің ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасының […]
Жобаның Кәсіпкерлер палатасында өткен таныстырылу рәсіміне қалаға жұмыс сапарымен келген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков, қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, қала прокурорының бірінші орынбасары Жомарт Нұрғали, Өңірлік кеңес мүшелері […]
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов, 21 қаңтар күні Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда халық алдында есеп берген еді. Сол жиында мінберге көтерілген ақын, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Біржан Байтуов, Шымкентте «Рухани жаңғыру» орталығын ашу […]
Пікір қалдыру