Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісінде экологияның өзекті мәселелері, «Шымкент Бас Жоспары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының 7 айлық қорытындысы талқыланды.
Экология департаментінің басшысы Е.Қозыбаев мегаполистің экологиялық ақуалын баяндап, тексеру барысында анықталған бұзушылықтарға тоқталды. Санитарлық қорғау аймақтарын бекітуге, өзен сулардың жағдайын жақсартуға, тұрмыстық қалдықтарға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Н. Жүнісбеков «Шымкент Бас Жоспары» мекемесі тарапынан атқарылған жұмыстарды баяндады. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты – қала құрылысын, сәулеттік келбетін жақсарту, жер қатынастары және қала аумағын тиімді пайдалану саласын жетілдіру болып табылады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж.Утебаева жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының орындалуына тоқталды. Жалпы, биыл қалада 26 482 жұмыс орнын құру жоспарланған. Жоспар екі бағытта — азаматтардың жеке бастамасымен және қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде жүргізілуде. Жұмыс орындарының құрылуына мүдделі салалық басқармалардың тиісті іс шараларды жүйелі түрде атқаруына қатысты тапсырмалар берілді.
Қала әкімі сондай-ақ жауаптыларға жастарға қарастырылған білім гранттарын беруді тездету, жол құрылыстарын мерзімге сай атқару, тұрмыстық қалдықтарды жинастыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Шымкент қаласында лабораториялық тестілеуден өткізу шаралары күшейтіліп жатыр. Бүгінде коронавирус індетінің қаупі басылмай отыр. Яғни, инфекцияны жұқтырғандар саны күн сайын артып барады. Бұл жағдайға ең бірінші себеп — қала тұрғындарының санитарлық нормаларды сақтамауы боп отыр. […]
2020 жылғы 26 сәуір, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 493 адамнан өтініш түскен, деп хабарлайды Күнгей.кз ақпарт агенттігі. Оның ішінде 265 895 адамға […]
Шымкент қаласы «Тұран» шағын ауданындағы 1200 орындық мектептің құрылысына барған қала басшысы мұндағы шешілмей жатқан түйткілді коммуналдық мәселелермен қатар, балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасалауы керектігін қадап айтты — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Шымкент […]
Пікір қалдыру