Шымкентте лабораториялық тестілеуден өткізу күшейтілді

Шымкент қаласында лабораториялық тестілеуден өткізу шаралары күшейтіліп жатыр. Бүгінде коронавирус індетінің қаупі басылмай отыр. Яғни, инфекцияны жұқтырғандар саны күн сайын артып барады. Бұл жағдайға ең бірінші себеп — қала тұрғындарының санитарлық нормаларды сақтамауы боп отыр. Сол себепті басты талаптарды естеріңізге сала кетуді жөн көріп отырмыз.

Ең алдымен, бетперделік режимі басты назарда болып, қоғамдық ортада міндетті түрде бетперде тағылуы керек. Екіншіден, жеке гигиеналық талаптар қатаң сақталуы керек. Көпшілік орыннан үйге оралған соң міндетті түрде қолды сабынмен жақсылап жуу және дезинфекциялау немесе бір реттік пайдаланатын қолғаптар киіп жүру қажет. Осы қарапайым қағидаларды қаперіңізден шығармай, қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңыз үшін назардан тыс қалдырмағаныңыз абзал.

Осы ретте айта кету керек, Шымкент қаласында Covid-19 жұқтырған азаматтарды уақытылы анықтау мақсатында лабораториялық тестіден өткізу шаралары күшейтілді. Нәтижесінде, күн сайын  тестілеу қуаттылығы 300-ден 500-ге жеткізілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*