Шымкент республикада экономиканың бірнеше саласы бойынша төменгі орында

Республика бойынша бойынша Шымкент қаласында азық-түлік бағасы ең жоғары көтерілген — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

2019 жылдың алғашқы тоқсанында Шымкент қаласы республикамызда бірнеше көрсеткіштер бойынша төменгі орында тұр. Бұл жайлы бүгін Елорда да өткен Үкімет үйіндегі отырыста ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өз баяндамасынды айтты.

«Құрылыс бойынша сегізден, төртке дейін қысқарды. Нұр-Сұлтан, Ақмола облысы, Шымкент қаласы және Маңғыстау облысы артта қалып отыр. Өткен жылғы құрылыс жұмыстары мен  ірі обьектілерді реконструкциялау көлемін есептемегенде Нұр-Сұлтан қаласындағы құрылыс ағымдағы жылдың қаңтар, наурызында 1,9 пайызға өсті»,- дейді министр.

 

Сондай-ақ, негізгі капиталға инвестиция серпінінің едәуір бәсеңдеуі Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысында байқалады.

«Шымкент қаласындағы инвестициялардың елеулі қысқаруы негізінен мұнай өңдеу зауытын жаңартудың аяқталуына байланысты. Инвестицияларды тартуда озық серпінді Қызылорда облысы 2,3 есеге өсуімен көрсетуде»,— деді ол.

Биылғы жылдың 1 тоқсаны бойынша аймақтарға жүргізілген талдаудың негізінде біз бірнеше көрсеткіштері төмендеген өңірлер айқындалған. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында құрылыс, тұрғын үйлерді пайдалануға беру және инвестициялар төмендесе, Шымкент қаласында да құрылыс, тұрғын үйлерді пайдалануға беру және инвестициялар көрсеткіші көңілді көншітпейді. Ақмола облысыныңда құрылыс және инвестициялар бойынша жағдайы мәз емес екен.

«Бұдан басқа, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында азық-түлік тауарларына бағаның жоғары өсуі байқалады» -деді ҚР Ұлттық экономика министрі.

Жоғарыдағы суретте байқағандарыңыздай азық-түлік бағасының ең жоғары қымбаттағаны Шымкент қаласында екен. 8,5 пайызға өскен.

Сондай-ақ, Руслан Дәленов жыл басынан  бірнеше көрсеткіш бойынша жақсы серпін көрсеткен​ 5 өңірді де атап өтті. Олар:

1) Атырау облысы

2) ШҚО

3) Қостанай облысы

4) Павлодар облысы

5) Қызылорда облысы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*