Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында қолға алынған кешенді шаралардың тиімділігінің басты өлшемі – тұрғындар табысының артуы мен өмір сүру сапасының жақсаруы. Бұл ретте Мемлекет басшысы экономиканың өсімін халықтың өмір сапасына тікелей әсер ету қажеттігін жеткізіп, нақты міндеттер жүктеген болатын.
Осы орайда Шымкент қаласының экономикалық көрсеткіштерімен қатар жергілікті бюджеттің көлемі де жылдан жылға артып келеді. Бүгінгі таңда бюджет көлемі 764 млрд теңгені құрап, соңғы 6 жылда 5,2 есеге өсті. Осыған орай, өткен жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердегі 15 мыңға жуық қызметшінің жалақысына қосымша 22 000 теңге ынталандыру үстемеақысы тағайындалған болатын. Биыл 1 сәуірден бастап қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы аясында үстемақы 50 мың теңгеге дейін көтерілді. Нәтижесінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердегі ең төменгі жалақы көлемі 140 000 теңгеден асты.
Халықтың тұрмысын жақсарту бағытындағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде мұндай игілікті бастамалар қала кәсіпкерлері тарапынан да қолдау тауып, бірқатар жеке сектордағы жалақы көрсеткіші де артып келеді.
Шымкент қаласында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы онлайн форматта өтті. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Қоғамдық көліктердің жұмысын жақсарту, маршруттар желісін жаңарту және дамыту жөніндегі кешенді схема туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат […]
Шымкент қаласы соңғы жылдары көптеген маңызды әлеуметтік және мәдени бастамалардың куәсі болуда. Оның ішінде қалада экологиялық мәселелерге ерекше назар аударылып, көптеген тазалық шаралары жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы – бұл […]
Шымкент қаласына короновирус инфекциясын нақты әрі жылдам анықтайтын аппарат әкелінді. Еліміздің үшінші мегаполисінде орналасқан жұқпалы ауруханалар базасында ПЦР диагностикасына арналған қосымша аппарат орнатылды. Бұл үшін жергілікті төтенше жағдайға арналған бюджет есебінен 74 млн. теңге бөлінген. Ауруханаға […]
Пікір қалдыру