Тұрғындарға заманауи технологияларды пайдалануға қолайлы жағдай жасау үшін қоғамдық орындарды тегін Wi-Fi желілерімен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Былтыр қаладағы 20 қоғамдық орынға 55 Wi-Fi құрылғысы орнатылған болатын. Қазір қосымша тағы 5 қоғамдық орынға 15 Wi-Fi құрылғысы орнатылып, жалпы саны 70 Wi-Fi құрылғысы іске қосылды. Тегін Wi-Fi желілері саябақтарда, алаңдарда, мәдени орталықтарда және басқа да орындарда интернетке қосылып, қажетті ақпаратты жылдам алуға, жұмыс істеуге, білім алуға, немесе әлеуметтік желілерді пайдалануға мүмкіндік береді. Желілер қаламызда Бәйдібек би алаңына, Әкімдік маңына, Аэропортқа, Дендросаябаққа, Нұрсат аллеясына, Назарбеков көшесіндегі гүлзарға орнатылды.
Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін «2GIS» қосымшасына арнайы бөлім енгізілді. Бұл бөлімде жедел қызметтердің байланыс нөмірлері, олардың орналасқан жері және қаладағы тегін Wi-Fi желілері туралы толық ақпарат көрсетілген. Мұндай шешім қала тұрғындарының қажетті ақпаратқа жылдам қол жеткізуін жеңілдетеді және қаланың цифрлық инфрақұрылымын дамытуға септігін тигізеді.
Президент Жолдауындағы «Тарифті инвистицияға айырбастау» жаңа тариф саясатына көшудің тиімділігі жан-жақты түсіндірілуде. Бұд жаңа саясатқа сәйкес, қайсы монополист инфрақұрылым желілерін жаңартуға инвестиция салса, мемлекет сол компанияға коммуналдық тарифтерді өсіруге рұқсат береді. Өйткені, еліміздегі коммуналдық және […]
Шымкент қалалық Полиция департаментінің Тұран аудандық полиция басқармасына қарасты жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында кең ауқымды профилактикалық іс-шаралар жүргізді. Мұндай бастаманың негізгі мақсаты – азаматтардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз […]
Шымкент қаласының Қаратау ауданы, Нұрсат мөлтек ауданындағы Cambridge Line мектебінде отбасы құндылықтарын нығайтуға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған жиын ұйымдастырылды. Іс-шара «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы аясында өткізіліп, оқушыларға отбасыдағы сыйластық пен қарым-қатынастың […]
Пікір қалдыру