Өңірлік коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов пен Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Меңдіқұловтың қатысуымен брифинг өтті. Спикерлер қала аумағындағы бұрын жекешелендірілген сумен жабдықтау және су бұру стратегиялық нысандарын мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары туралы баяндап, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Қала әкімінің орынбасары Айдын Мейрамбекұлының сөзінше, Шымкент қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Экономиканы монополиядан арылту жөніндегі комиссияның шешімін орындау мақсатында заңсыз берілген жер телімдері мен нысандарды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр.
«1996-1998 жылдары Шымкент қаласының сол кездегі әкімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын монополиядан арылту шеңберінде қаланың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін бәсекелес ортаға беру туралы шешім қабылдаған. Тасымалдау барысында қаладағы жалғыз мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның екі су қабылдағышы «Тассай-1» және «Тассай-2», «Уникансервис» тазарту қондырғысы және «ТрансВиК» автокөлік шеберханасы еншілес ұйымдарға бөлінді. Одан әрі құрылған төрт еншілес кәсіпорын мен қосымша “Бадам-Сайрам” және “Ақбай-Қарасу” су қабылдағыштары да жекешелендіруге берілді», — деді А.Кәрімов.
Сондай-ақ ол жекешелендірілген ұйымдардың құрылтайшылары 1998 жылы біртұтас «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-на бірігу туралы шешім қабылдағанын атап өтті. Жекешелендірілген соң мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын теңгерімінде тек су құбырлары ғана қалған.
Мемлекеттік қызметтің 14 түрі бойынша азаматтар өтінішті «электрондық үкімет» порталының «Электрондық өтініштер» сервисі арқылы рәсімдеуге болады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің […]
Руденко Мария, ветеран ВОВ РУДЕНКО Мария Ивановна родилась в 1922 году, в городе Пенза. После окончания медицинского техникума, была направлена в город Риддер Восточно-Казахстанской области, где работала фельдшером скорой медицинской помощи. В 1941-1946 годы служила […]
Шымкент қаласының барлық аумағындағы залалсыздандыру жұмыстары тоқтаған жоқ. Қайта қарқыны артып, үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қаламызда бұл бағыттағы іс-шаралар карантин аяқталғанша жүйелі жалғасады. Бүгінгі таңда, қаланың 2 967 көшесіне гипохлорит кальций қоспасын қолдану арқылы арнайы […]
Пікір қалдыру