Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте жылу маусымына дайындық және мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерде, БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері қаралып, мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау қорытындысы талқыланды.
Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р.Меңдіқұлов жылу маусымына дайындық жұмыстарын баяндады. Бүгінде бөлек орналасқан 26 жылу қазандығының 13-і және орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциясы дайындалған, қалған 7 нысанда жұмыстар жалғасуда. Әзірлік шаралары қала аумағындағы 2107 көпқабатты тұрғын үйде, 469 бюджеттік мекемеде жүргізілуде.
Қала әкімі сала және аудан басшыларына жылу маусымына дайындық жұмыстарын сапалы атқарып, 1-қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар халықты үздіксіз, сапалы жылумен қамту үшін өзекті мәселелерді ашық жеткізіп, дер кезінде шешім қабылдауды ескертті.
Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының м.а. А. Жұмақұлова мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі, БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері бойынша баяндама жасады. Қала басшысы аудан әкімдері мен басқарма басшыларына азаматтармен кері байланысты күшейтіп, түсіндірме жұмыстарын сапалы, шұғыл, жүйелі жүргізуді қадағалауды тапсырды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы А. Даткаев жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау шараларын қорытындылады. Қала әкімі аппараты және қала әкімдігіне қарасты аудан әкімі аппараттары мен басқармалары тарапынан 172 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Қалабасшысы жауаптыларға құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, халыққа адал қызмет көрсетуді ескертіп, нақты тапсырмалар берді.
Жиын барысында аудандар мен барлық салада атқарылып жатқан жұмыстар пысықталып, өзекті мәселелердің шешімі қарастырылды.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы Базарқақпа тұрғын алабында 3 мың түп терек ағашы өсіп жатыр. Бұл жайлы қала әкімі Ғабит Әбдімажитұлының Базарқақпа тұрғындарымен кездесуі барысында мәлім болды. Қызығы сол, ағаштарды жеке кәсіпкер өз қаражатына егіпті. […]
В Шымкенте военнослужащие воинских частей 6506 и 6698 Национальной гвардии МВД Республики Казахстан приняли участие в традиционной республиканской акции «Дорога в школу», приуроченной к началу нового учебного года. Инициатива проводится в Казахстане с 2009 года […]
В городе Шымкент состоялось традиционное гарнизонное построение сотрудников полиции, направленное на укрепление дисциплины, повышение готовности личного состава и обеспечение общественного порядка. Мероприятие было организовано для того, чтобы напомнить стражам порядка об их обязанностях и ещё […]
Пікір қалдыру