Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Guyi Holding Company» құрамына кіретін компания өкілдері үш меморандумға қол қойды. Маңызды келісімдер мегаполис басшысының Сиань қаласына сапарының нәтижесінде жүзеге асып отыр.
Олардың қатарында электромобильдер шығаратын зауыт құрылысы және ағын суларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін цифрлық жабдықтар шығаратын зауыт салу туралы алдын ала келісімдер, сондай-ақ қаланы көріктендіруге бағытталған жобаларды әзірлеу және қолданысқа енгізу туралы меморандум бар.
Жуырда қала әкімі инвесторларды аумағында электромобильдер шығаратын зауыт құрылысы жоспарланып отырған «Жұлдыз» индустриалды аймағымен таныстырды. Ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру екі кезеңге жоспарланған.
Бұл меморандумдар тек Шымкентте ғана емес, еліміздің өзге де қалаларында да электромобиль өндірісін дамытуға септігін тигізетін стратегиялық маңызды қадам саналады. Қала басшысы инвесторларға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, әкімдік тарапынан тиісті қолдау шаралары жалғасатынын жеткізді.
Шымкент қаласы тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, шаһардағы қоғамдық орындар мен көшелер, тұрғын үйлердің аулалары тұрақты түрде дезинфекциялануда — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Бүгін шаһарды залалсыздандыру жұмыстары Әл-Фараби […]
Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында бірқатар сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл бастаманың негізгі мақсаты — тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін арттыру және қала аумағында санитарлық тазалықты сақтау. Қаланың […]
Әлеуметтік желіде мешітте болған оқиға таралуда. Осыған байланысты ҚМДБ төмендегіні мәлімдейді: Оқиға 2024 жылдың 12 мамырында кешкі ақшам намазы уақытында Шымкент қаласындағы мешіттердің бірінде болған. Өзге өңірден Шымкент қаласына келген біртоп азамат мешіт имамының ескертуіне […]
Пікір қалдыру