Түркістанда жазғы ашық алаң ойындары жалғасуда. Тамыз айының кезекті жарыс күні Отырар мөлтек ауданындағы ашық алаңдарда өтті.
300-ге тарта сектор тұрғыны қатысқан жарыста секіргішпен секіру, ләңгі тебу және белтемірге тартылу мен асық атудан үздіктер анықталды.
Жарыс жеңімпаздары маусымның қорытынды шарасына жолдама алып, ерекше ойын көрсеткендерге сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
шараның кезекті жарыс күнінде жас спортшылар қазақтың ұлттық ойындары, дойбы, ләңгі тебу, белтемірге тартылу, секіргішпен секіру, шахмат сияқты спорт түрлерінен жарысқа түсті. Ойын соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге демеушілер тарапынан сыйлықтар беріліп, алғыс хаттар мен медальдар табысталды.
Қала тазалығына жанашырлықпен қарау – азаматтық борышым деп білген халықаралық дәрежедегі спорт шебері, түркістандық дзюдошы Дидар Хамза да тазарту күніне белсенді атсалысып, жасөспірімдерге үлгі бола білді.
Сонымен қатар, спорттық ойындар тұрғындарға арналған концерттік бағдарламаға ұласты. Жиналған қауымға қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері өнер көрсетіп, ерекше көңіл-күй сыйлады. «Түркістан» әні Яссы халықтық этнофольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен орындалып, көрермен қошеметіне бөленді.
Айта кетейік жыл сайын дәстүрлі өтетін жазғы ашық алаң ойындарының алғашқы апталығы кестесін алдын ала әлеуметті кжелі арқылы жариялаған болатын.
2024 жылдың жоспарына сәйкес, шаһардағы 47,1 шақырымды құрайтын 45 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 41,7 шақырымдық 40 көшесіне асфальт төселді. 5,4 шақырымды құрайтын 5 көшеде құрылыс жұмыстары іске асырылуда. Асфальт салу […]
«Спорт күні» мерекесіне орай Алматы қаласында өткен футболдан 2013-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде түркістандық команда 3-орынға ие болды. 16 команда бақ сынаған жарыста Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының командасы» үздіктер қатарынан […]
Қала әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте тазалыққа жауапты жеке кәсіпкерлер өзекті мәселелерін ортаға салды. Қазіргі таңда қаладағы 6 сектордың санитарлық тазалығына 7 жеке кәсіпкер жауапты. Олар шаһардағы 832 көшеден қатты тұрмыстық қалдықтарды қоқыс полигонына тасымалдайды. Қала […]
Пікір қалдыру