Облыс орталығында «Жазғы самал әуендері» іс-шарасы басталды. Концерттік бағдарлама Отырар тұрғын алабындағы «Жібек жолы» саябағында өтті. «Түркі әлемінің туристік астанасы» атанған тарихи шаһарда осы бағыттағы мәдени шаралар алдағы уақытта әр секторда кешкі уақытта жалғасады деп жоспарлануда.
Мәдени шарада Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем дауыспен талғампаз тыңдарманды қуанышқа бөледі. Қазақтың ұлттық аспаптары мен эстрадалық бағыттағы, сонымен қатар патриоттық жанрдағы әндер шырқалды. «Яссы» би ансамблінің бишілері би билеп, кештің көркін аша түсті.
Түркістанға саяхатшылар, туристер мен мәдениет сүйер қауымның қызығушылығы зор. Ұйымдастырушылар «Жазғы самал әуендері» қалада дәстүрлі шараға айналып, халықты өнер мен музыкаға бұдан да көп тартады деп сенеді. Жібек жолы саябағында әр кеш сайын мерекелік атмосфераны сезініп, музыка тыңдады.
Ұлттық нақышта әсем киінген әншілер барын салып өнер көрсетті. Мұндай мәдени шаралар қала тұрғындарына таңсық емес. Дегенмен, рухани астана Түркістанға алғаш табаны тиген туристер мен қала қонақтары қуанып тарқасты. Ұлттық өнерді дәріптеуден бөлек түрлі жанрдағы өнерпаздар скрипкада құйқылжыта әлемдік классикалық шығармаларды да орындады.
Табиғаты тамылжыған тамыз айындағы бұл бастамаға шаһар тұрғындарының да қызығушылығы жоғары. Қала тұрғындары мен қонақтары ашық аспан астындағы мерекелік кештен ерекше әсер алып қайтты. Ашық аспан астында ән тыңдауға тағы келетіндерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Елбасы журналистер алдында сөйлеген сөзінде Түркістан аумағында қарқын алған құрылыс жұмыстарының ауқымын атап өтті. – Өткен жылы облыс орталығын көшіру туралы жарлыққа қол қойған соң ауқымды құрылысты бастадық. Бүгін мен орасан зор ғимараттарды аралап көрдім. […]
Түркістан қаласын жел эрозиясынан сақтау, көгалдандыру мақсатында Түркістан қаласының айналасында «Жасыл белдеу» қалыптасып келеді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоспар бойынша «Жасыл белдеу» аймағында 2019-2021 жылдар аралығында көшеттер […]
“Түркістан — Түркі әлемінің туризм астанасы” аясында қала тұрғындарымен мен спортшылар арасында веломарафон өтті. Жарыстың ашылуында алғы сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев шараның мақсатына тоқталды. Қатысушыларға сәттілік тілеп, бұқаралық спорт шараларының дәстүрлі өткізілетінін […]
Пікір қалдыру