Жаңа қала аумағында физика, химия, биология және робототехника кабинеттері заманауи үлгіде жабдықталған 4 қабатты ғаламат мектеп ашылды.
Білім алушылардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған «Жайлы мектептің» салтанатты ашылуы 25 қазан – Республика күні қарсаңында ұйымдастырылып, түркістандықтар ең әуелі оқушыларды қуантты.
Мемлекет тарапынан сапалы білім алуға барлық жағдайлар жасалуда. Оның ішінде Түркістан өңірінде ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Бүгін тапсырылған алып білім ұясы қаладағы 2 мектептегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бірінші кезекте мұнда №28 мектеп-лицейінің оқушылары көшіп келді. Қазіргі таңда 66 педагог ауысу тәртібімен, 7 педагог конкурстық тәртіппен қабылданды. Оқушы санының толығуына қарай өзге де ұстаздар конкурстық рәсіммен қабылданады. Білікті ұстаздар арнайы іріктелген. Бұдан бөлек, қаржы, шаруашылық қызметкерлері жұмысқа алынған.
Мектепте 4 спорт залы, шеберлік сыныптары, зертханалар мен демалыс аймақтары ұйымдастырылған. Жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен және қолдауымен салынған білім ұясының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен білім саласының ардагерлері қатысты.
– Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінгі таңда елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қабылданып, заманауи, озық үлгідегі білім ошақтарын салынуда. Сіздердің мектептеріңіз жай ғана жаңа ғимарат емес. Бұл – даму мен оқу үшін тамаша жағдайлар жасалған орын. Еліміздің болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Олардың оқуда озат болып, қоғамның барлық саласында биік белестерді бағындыруына тілектеспін. Жаңа білім ордасының ашылуы құтты болсын! – деді Дархан Сатыбалды.
Айта кетейік, Президенттің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 29 мектеп салынуда. Оған қоса облыстық бюджеттен және арнайы қордың қаржы көздерінен 20 мектеп пен 1 музыкалық мектеп бой көтеруде. Оның ішінде төртеуі ел игілігіне тапсырылып үлгерді. Қалған мектептердің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы 14 білім нысаны биыл тапсырылса, 7 мектептің құрылысы келесі жылға өтпелі.
Түррлі жобалар мен қаржыландыру көздері есебінен екі жылда 50 білім нысаны пайдалануға берілгенде өңірдегі апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешімін таппақ
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жеке қабылдауға жазылған бірнеше қала тұрғындарын қабылдап, олардың мәселелерін тыңдады. Келушілердің басым көпшілігі әлеуметтік проблемаларды көтеріп, үй алу, жұмысқа орналасу, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) рәсімдеу, қоғамдық көліктердің жүру бағыттарын өзгерту […]
Қауіпсіз әрі таза қала — қашанда болмасын қонақтарды баурап алады. Барлық адам жан дүниесінің тыныштығы мен эстетикалық күйді қалайтыны белгілі. Мұндай жағымды әсерді тазалық пен қауіпсіздік беретіні айдан анық. Туристердің де іздегені осы. Қауіпсіз әрі […]
Түркістан қаласында халықтың бос уақытын тиімді пайдалану үшін игі шаралар атқарылып келеді. Соның жалғасы іспетті, күні кеше «Отырар» тұрғын алабына қарасты Сүгір Әлиұлы көшесінде жаңа ашық алаң пайдалануға берілді. Осыған орай қалалық «Балалар мен жасөспірімдер […]
Пікір қалдыру