Түркістан қаласындағы Бекзат пен Сауран секторларының тұрғындарымен су, газ, кәріз, жарықтандыру жүйесі, ойын алаңшалары сияқты бірқатар мәселелер бойынша қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков пен бөлім басшылары және «Түркістан-Су», «QAZAQGAZ AIMAQ» мекемелерінің мамандары кездесті.
Кездесуге келген Бекзат секторының тұрғыны ауыз су қысымының төмен екендігін айтып, қашан қалыпқа келетінін сұрады. Мәселеге жауапты «Түркістан-Су» мекемесі директорының орынбасары Сейілбек Дайрабай жақын уақытта аталған мәселені шешіп, сондай-ақ, Бекзат секторындағы Саялы, Қорлан көшелерінің сағат 17:00-ден кейінгі су қысымын ретке келтіретінін жеткізді. Жалпы шаһарда 36500 абонент ауыз сумен қамтылған.
Оған қоса Бекзат секторындағы кездесуде халықты алаңдатқан мәселе – кәріз жүйесі. Бұл сұраққа сала мамандары жоспарға сай рет-ретімен кәріз құбырларының орнатылып келе жатқанын және тұрғындар айтқан аумақтардың да алдағы уақытта кәріз жүйесімен қамтылатынын айтып түсіндірді.
Сауран секторындағы кездесуде тұрғындармен табиғи газ мәселесі талқыланды. Тұрғын-үйлердегі кейбір пәтер иелерінің дербес шоттары ашылмағаны анықталып, «QAZAQGAZ AIMAQ» өкілдерімен бірге шешуге келісімге келді.
Сонымен қатар, 1 мөлтек аудандағы 6-үйдің аула жарығын қосу бойынша айтылған тұрғындар өтінішіне сай тиісті бөлім басшысы жарықтың 10 күнде қосылатынын жеткізді. Дәл осы үйдің ауласындағы ойын алаңшасының құрылысы аяқталмағанын айтып, мердігер мекеменің сотқа жолданғанын, алдағы уақытта тиісті шаралар қолданылатынын түсіндірді.
Түркістан облыстық мәдениет басқармасына қарасты Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармония өнер шеберлері қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, ән падишасы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына және өнер ордасының жылдық қорытындысына арналған «Ән аға – жан аға» атты […]
Астанада «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» Cаммиті аясында Қазақстан-Қытай бірлескен іскерлік кеңесі өтті. Биыл 7-ші рет өтіп жатқан кеңеске Қытайдың өнеркәсіп саласындағы алпауыт компаниялары қатысты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің өзара іскерлік байланысы […]
Түркістанда Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, басқарма және департамент басшылары, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, әскери бөлім сарбаздары, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері қатысты. […]
Пікір қалдыру