Айта кетсек, Кентау қаласында жалпы 374 шақырымды құрайтын 416 көше бар. Оның ішінде, биыл 14,5 шақырымды құрайтын 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде биыл қанағаттанарлық жолдардың үлесі 87,3 пайызға жетпек.
Айта кетейік,Жобаның мақсаты – инфрақұрылымды жаңғырту арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдарды өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу.
«Ауыл – Ел бесігі» аясында республикалық бюджеттен мынадай салалардағы жобалар қаржыландырылады:
білім беру (мектептердің жапсаржайлары, мектептер мен балабақшаларды реконструкциялау)
денсаулық сақтау (алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілері)
инженерлік инфрақұрылым (су, жылу, газ, электр желілері, жылу, электр нысандары және жабдықтар)
көлік инфрақұрылымы (кентішілік жолдар, көшелерді жарықтандыру)
мәдениет (клубтар, мәдениет үйлері, мұражайлар (музейлер), кітапханалар)
спорт (дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, спорт кешендері және спорт нысандары)
әлеуметтік қамсыздандыру (балаларды оңалту орталықтары).
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, биыл Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 181 елді мекенде 213 жобаны іске асыруға 29,5 млрд. теңге бөлінді. Олардың арасында өтпелі нысандар да бар. Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 156 жаңа жобаның 153-іне жеңімпаз мердігер анықталып, келісімшарттар жасалған. Биылғы 1 қарашаға жоспарланған 23,6 млрд. теңгенің 20,6 млрд. теңгесі игерілді немесе жоспар 87,2 %-ға орындалған.
Жыл қорытындысымен 152 жобаны пайдалануға тапсыру жоспарланған. Биыл 1 қарашадағы жағдайға 27 жоба пайдалануға қабылданса, 125 жоба енді аяқталады. Өтпелі жобалар бойынша биылғы жылдың 1 қарашасына жоспарланған 9,6 млрд. теңгенің 7,8 млрд. теңгесі игерілді немесе жоспар 80,7 %-ға орындалған.
Пікір қалдыру