Түркістанда Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, басқарма және департамент басшылары, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, әскери бөлім сарбаздары, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері қатысты.
— Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр, Халық қаһарманы. Оның ерлігін келешек ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Мерекелік шараның басты мақсаты — Халық қаһарманының 100 жылдығын атап өту. Батырдың ерлігін, отаншылдық рухын және халық үшін сіңірген еңбегін еске алу, әрі жастарға үлгі көрсету. Бүгінгі жиынға қатысып отырған жас сарбаздар батыр атамыздың өмір жолымен танысып, көп нәрсе үйреніп қайтарына сенім мол,- деді облыс әкімінің орынбасары.
Шарада «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы, Түркістан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, «Түркістан облыстық әртүрлі деңгейдегі ардагерлерді Үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігі және облыс әкімдігі тарапынан меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Мерзімді басылымдар оқу залында офицер, Ұлы Отан соғысына қатысушы, публицист, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» атты көрме ұйымдастырылды.
Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысының Ақмола ауданында дүниеге келген. Ол ата-анасынан ерте айырылып, балалар үйінде тәрбиеленді. Жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін Балқаш фабрика-зауыттық училищесіне жіберілді.Р. Қошқарбаев өзінің өмірі жайлы «Штурм» кітабында әңгімелейді.
Түркістан қаласында «Біз есірткісіз өмірді қалаймыз» тақырыбында көркем шығарма жазу мен плакатқа сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Бұл шара Түркістан қалалық мәдениет үйі мен бірқатар әлеуметтік мекемелердің қолдауымен өткізіліп, жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, […]
Түркістанда даңқты боксшы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған бокстан ересектер арасында ХХХ-шы халықаралық турнир мәресіне жетті. Апта бойында шаршы алаңда қолғап түйістірген жұдырықты жігіттердің жеңімпаздары белгілі болды. Тартысқа толы өткен […]
Түркістанда тарихи маңызы бар ерекше нысан – Махмұд Қашқаридің көне түркі картасы бейнеленген сквер қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары барысында оның бастапқы бейнесі мен құрылымы сақталып, толықтай жаңғыртылды. Бұл карта – қала тарихын бейнелейтін маңызды нысан […]
Пікір қалдыру