Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға қала әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен жауапты мекеме басшылары қатысты.
Қабылдауда азаматтардың негізгі көтерген мәселелері — тұрғын үй кезегіне тұру, қаладағы инфрақұрылым, үй кезегі, жұмыссыздық, әлеуметтік көмек, тазалық және т.б. Шаһар басшысы 20-ға жуық тұрғынның мәселесін тыңдап, жауапты сала басшыларына тапсырма берді.
Әзімбек Пазылбекұлының алғашқы жеке қабылдауындағы тұрғындар тілегінің басым бөлігі дер кезінде шешімін тапты.
Қабылдауда ерекше күтімді қажет ететін отбасы мүшесіне арналған инватакси қарастыруды өтінген азаматтың мәселесі шешімін тауып, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөліміне тапсырма берілді.
Жұмысқа орналастыруды сұраған тұрғындар мәселесі қалалық «Мансап» орталығына жолданды.
Барлық ұсыныстар мен талап-тілектер хаттама негізінде назарға алынып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданатын болады.
Облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиевтің тапсырмасымен Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы, Түркістан облысының мемлекеттік кірістер департаменті, Түркістан қаласы мемлекеттік кірістер басқармасы, «Альфа банк» АҚ Түркістан облысы бойынша еншілес ұйымының қызметкерлерінің қатысуымен «Бизнесті көлеңкеден шығару, шағын […]
Түркістандық БЖМОФМ футболдан жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Алматы облысы Қонаев қаласында өткен бәйгеде 14 жастағы жасөспірімдер жарысқан болатын. Топтық кезеңде жерлестеріміз Қостанай, Талдықорған, Шымкент және Петропавл командаларын айқын басымдықпен […]
Түркия елінде, Ыстанбұл қаласында Қазақстан мәдениет және сауда орталығында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы және Түркістан облысы кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов қонақта болды. Мәдениет орталығында биыл Түркия Республикасының 101 жылдығы және Қазақстан […]
Пікір қалдыру