Түркістанда қала күні аясында “Тұғыры биік, киелі мекенім — Түркістан” атты мерекелік іс-шара өтті. Ашық аспан астындағы концерттік бағдарламада қалалық “Мәдениет үйінің” өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты.
«Жеңіс» саябағында өткен мерекелік шара қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жиналған көрермен қосыла ән шырқады.
«Елбасымыздың Түркістанды облыс орталығы деп әйгілеуі бекер емес. Бұл қаланы түркі әлемінің рухани, мәдени орталығы ету- алға қойған басты мақсатымыздың бірі. Өйткені, мұнда өткеннен сыр шертетін түркітілдес халықтарға ортақ мәдени мұралар мен тарихи ескерткіштер орын тепкен. Сондай-ақ, біздің рухымыз бен беделімізді асқақтатып тұрған Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің орны бір төбе. Себебі қазақ тарихында өшпес із қалдырған 21 хан, 19 би, 52 батыр, 8 сұлтан мәңгілік мекенін осы киелі топырақтан тапты. Барлығы біздің осылай бақытты өмір сүруімізге өлшеусіз үлес қосқан асыл тұлғалар. Ендеше, біз бейбіт заманда ата-баба аманатына адалдық танытып, туған өлкемізді түлетуге барлығымыз атсалысуымыз қажет»- деген тілегін айтты көрермендер
Жас ақындар айтысының мақсаты — айтыс өнерін жастар арасында кеңінен насихаттау, ақындық дәстүрді жаңғырту, жас ақындардың қабілеттері мен шешендік өнерін шыңдау, олардың көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау, төл өнерімізді дәріптеу. Түркістанда «Қала күні» мерекесіне орай, Түркістаным […]
Қауіпсіз әрі таза қала — қашанда болмасын қонақтарды баурап алады. Барлық адам жан дүниесінің тыныштығы мен эстетикалық күйді қалайтыны белгілі. Мұндай жағымды әсерді тазалық пен қауіпсіздік беретіні айдан анық. Туристердің де іздегені осы. Қауіпсіз әрі […]
Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде ақын, сазгер, ұлағатты ұстаз Әбдіхалық Әбдірайымұлының мерейлі 63 жасқа толуына орай шығармашылық кеш өтті. Бұл шара оның талантын бағалаушылардың, қазақ мәдениеті мен өнерін сүйетіндердің басын қосты. Кеш Әбдіхалық Әбдірайымұлының […]
Пікір қалдыру