Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде ақын, сазгер, ұлағатты ұстаз Әбдіхалық Әбдірайымұлының мерейлі 63 жасқа толуына орай шығармашылық кеш өтті. Бұл шара оның талантын бағалаушылардың, қазақ мәдениеті мен өнерін сүйетіндердің басын қосты.
Кеш Әбдіхалық Әбдірайымұлының өмірі мен шығармашылығының жарқын сәттерін ұсынған бейнероликпен басталды. Шығармашылық жиынға Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев қатысып, кеш иесіне ізгі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ облыс әкімінің «Құрмет» ордені мен құттықтау хаттарын табыстады.
Жүрек тебірентер шығармаларымен көпшіліктің жүрегіне жол тапқан Әбдіхалық Әбдірайымұлының мерейтойына жиналғандардың қарасы қалың болды. Жиналған халықтың барлығы актерлердің шеберлігіне тәнті болып, қазақ мәдениетінің рухын сезіне білді. «Шымкент шоу» әртістері әзіл-оспақ, театр және музыкалық қойылымдардың қайталанбас үйлесімін көрсетіп, ерекше көңілді атмосфераны қалыптастырды. Көрермендер әлеуметтік мәселелермен қаныққан көріністерді көріп, күлкіге қарық болды. Кеш соңында «Шымкент шоу» бағдарламасына қатысушылар қолдау көрсетіп, ықылас танытқан көрермендерге алғысын білдірсе, ақын өз кезегінде өз шығармашылығымен бөлісуге мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Көрермендерге жаңа кездесулер мен жақсы әсер алып, жүздерінде күлкі, жүректерінде шабыт орнады.
Айта кетейік, Әбдіхалық Әбдірайымұлы – қазақ өнеріндегі ең жарқын тұлғалардың бірі. Оның шығармашылығы терең этникалық тамырмен, қазақ тілінің байлығымен сусындаған. Ал әндері мен өлеңдері қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігін, қуанышы мен мұңын, арман-тілектерін бейнелейді. Республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпаз-жүлдегерінің «Тұяғымын тұлпардың», «Сәбит серінің семсер сөздері» атты жыр жинақтары жарық көрген. Елге танымал әндердің авторы. «Шымкент-шоу» театрының Президенті, ҚР Мәдениет қайраткері.
«Amanat» партиясының қалалық филиалының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаевпен тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдадық. Алдын-ала жазылу арқылы 10 тұрғынның мәселесін тыңдап, шешімін қарастырдық. Негізгі сұрақтар тұрғын үй, жұмысқа орналасу, қаланы көгалдандыру, коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала және жер […]
Түркістан облысында Республика күні мерекесіне орай өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес, облыстағы барлық аудан-қалаларда 121 іс-шара өткізілмек. Бұл жайында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев брифингте мәлімдеді. «Республика күні ел Президенті Қасым-Жомарт […]
Түркістанда дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің, ДДА жақтастарымен жұмыс жүргізетін дінтанушы-теологтардың біліктілігін көтеру мақсатында өткізілетін семинар өтізілуде. Семинардың мақсаты – қазіргі қоғам діни салада кездесетін негізгі проблемалар […]
Пікір қалдыру