Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Яссы» және «Шауғар» секторы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын сала басшыларымен бірге талқылады.
Кездесуге қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық мәслихат депутаттары, жауапты қала әкімінің орынбасарлары және дербес бөлімдер мен тиісті мекеме басшылары қатысты.
«Яссы» және «Шауғар» тұрғын алабының халқы инфрақұрылым, жолдарды асфальттау, көшелерге видеокамералар орнату, көгалдандыру және қоғамдық көліктердің жүру уақытын реттеу, сонымен қатар білім саласына қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.
Шауғар секторының тұрғындары жақын маңайға «банк автоматтарын» орнатып беруін, орталыққа барып келудің қиын екендігін айтып, шаһар басшысына өтініш білдірді. Тұрғындар мәселесін тыңдаған қала әкімі банк жүйесіне ұсыныс білдіріп, тез арада тұрғындарға қолайлы жағдай жасап беруді тапсырды.
Тазалық мәселесіне қатысты қойылған сұрақтарға шаһар басшысы жұмыстың кезең-кезеңімен орындалып жатқанын, қазіргі таңда қалада 300-ден аса тазалық қызметкері бар екенін, келесі жылы тазалық қызметкерлері санын арттырудың жоспарланғанын айтты. Ал, көгалдару жұмыстары қала бойынша 25-қазаннан басталатынын жеткізді.
«Айтылған өтініш-тілектеріңізді негізге ала отырып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті мекемелер жұмыс істейді. Сала басшыларына тапсырма беремін, барлығы заң аясында шешіледі. Қала халқының өзекті сұрақтарын естісін деп бүгін өздеріңіз сайлаған халық қалаулыларын да осында шақырдым. Алдағы уақытта сіздермен жиі кездесіп, мәселеріңізді тыңдауға дайынмын. Жеке қабылдауыма да келсеңіздер болады», — деді Әзімбек Пазылбекұлы сектор тұрғындарымен кездесуде.
Түркістан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен Түркістан қалалық әкімдігінің мамандары «Алтын бұлақ», «Қуаныш» базарлары мен «Шапағат», «Бәйтерек» сауда орындарында болып, әлеуметтік тауарлардың бағасына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев бастаған жұмысшы топ […]
«Таза Қазақстан» жобасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Әр сенбі дәстүрге айналған сенбілікке қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бастаған мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер қауымы, маслихат депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттер, әртүрлі ұйым белсенділері, коммуналдық сала қызметкерлері, тұрғындар мен […]
Түркістан қаласында өтіп жатқан халықаралық инвестициялық форумға әлемнің алпауыт компания өкілдері қатысуда. Форум аясында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы түрлі саладағы инвесторлармен келіссөз жүргізді. Нәтижесінде алдағы уақытта инвестиция құны 141,5 млрд теңге болатын 6 жоба […]
Пікір қалдыру