Түркістанда ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен жыл сайынғы «Қазақстандық кітапханалық одақ» заңды тұлғалар бірлестігінің екі күнге жоспарланған кезекті көшпелі жұмыс отырысы қорытындыланды. Келесі жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының бастамасымен Қазақстанда 89-шы IFIA-ның өтеді. IFLA-ның Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгресін ұйымдастыру және өткізу мәселелерінің дайындық жұмыстары талқыланып, ұйымның отырысын Астана мен Алматы қалаларынан бөлек, Түркістанда да өткізу жоспарланып отыр.
Жұмыс отырысының екінші күні кітапханалық бағыттағы пленарлық сессияларға арналған. Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, «Қазақстандық кітапханалық одақ» төрайымы Бақытжамал Оспанова «Директорлардың диалог алаңы: өзекті мәселелерді талдау және тәжірибе алмасу» тақырыбында облыстық және аудандық кітапхана директорларымен кездесу өткізді. Сонымен қатар Ұлттық кітапхана мамандары «Анықтамалық-ақпараттық жұмыстың ерекшеліктері және Web-RABIS-тің мүмкіндіктері», «ALTERNATIVE Кітапхана: жастардың бағыты мен қадамы», «Кітапхана көрсеткіштері есебінің жаңартылған талаптары» тақырыптарында лекция оқып, жиынға қатысушы кітапханашыларға жаңа ақпараттар мен жұмыстарына оң өзгеріс енгізуге көмегі болатын мәліметтер ұсынды.
Жиын барысында «Қолданыстағы «Мәдениет туралы» заңының 24-бабында кітапхана ісі қарастырылған. Осындағы нормативтік құжаттарға өзгеріс енгізу мәселесі ұсынылды. Онда кітапханалардың ақылы қызмет түрлері іске асыру құқы қарастырылмақ. Бұдан бөлек елімізде кітапханашылардың мәртебесін арттыру жоспарланып отыр. Бұған қоса мәдениет, білім, және ғылым жүйесі кітапханаларының қорларын жаңарту және толықтыру, Қазақстан Республикасындағы кітапханалық жүйесінің RFID интеграция шешімі, жаңа Қазақстан кітапханаларын заманауи дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар кітапхана саласында маңызға ие өзге де мәселелер көтерілді.
«Фараб» кітапханасының «Түркістан облысының киелі тарихи және жаңа мәдени нысандарының жол картасы» анықтамалығының тұсауы кесілді. Алдағы уақытта айтылған мәселелер оң шешімін табады деп жоспарлануда. Көшпелі отырыс соңында қонақтар облыс орталығындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, «Ұлы Дала Елі» мұражайына экскурсия жасады. Сондай-ақ қонақтар Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды-драма театрында драматург Әділбек Тауасаровтың «Махаббат аралы» драмалық спектаклін тамашалады.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні – әлем балаларының бақытты балалық шағын қолдау, оларды қорғау, қуаныш сыйлау мақсатындағы маңызды күн. Осы мерекеге орай Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 және №3 кітапхана-филиалдарының ұйымдастыруымен […]
Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөлімі басшысының мәлімдеуінше, жалпы Түркістан қаласында 22 көлік бағытында 194 автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді. Олардың 16 бағыты бойынша «Жолаушы» ЖШС, 6 бағытына «ТехПроАвто» ЖШС жауапты. Автобустардағы жол жүру ақысы «AlemPay» […]
«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дидар Смағұлов, журналист Нартай Аралбайұлының ютубтағы арнасына кең көлемді сұхбат берді. Әңгіме барысында спикер Түркістан облысына қаржылық мониторингпен келіп, соның нәтижесінде облыстың АНТИКОР департаменті үш қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Оның […]
Пікір қалдыру