Түркістанда Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығы аясында Түркістан облысының барлық деңгейдегі депутаттары арасында кіші футболдан облыстық біріншілік басталды. Дүбірлі сынды Түркістан облыстық мәслихаты ұйымдастырды.
Түркістандағы «Астана» спорт кешенінде өтіп жатқан біріншіліктің деңгейі өте жоғары. Футбол бәсекесінің ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов қатысып, спортты серік еткен азаматтарға сәттілік тіледі.
– Биыл Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Баршаңызды осы айтулы сәтпен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін осы мерекеге орай өңір депутаттары жасыл алаңда шеберлік байқасуда. Мемлекет Басшысы халыққа арнаған Жолдауларында ұлт денсаулығын сақтау, спортты дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл ретте облысымызда спортты дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Ортақ іске депутаттар қауымы да үлес қосып келеді. Облыста тұрғындарымыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында соңғы жылдары көптеген спорт нысаны пайдалануға берілді. Олардың арасында «Түркістан Арена» стадионы, «Мұз сарайы», «Теннис орталығы», «Olympic Center» спорт кешені жұртшылықтың оң бағасына ие болды. Бүгінде Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің, ескек есу каналының құрылысы жалғасуда. Октябрь Жарылқапов атындағы стадион жаңартылды. Аудан, қалаларда да спорт нысандарының саны артуда. Бұның бәрі мемлекетіміздің спортқа деген қолдауының жемісі. Бүгін сіздер Түркістан төріндегі облыстық біріншілікте саламатты өмір салтын сөзбен емес, іспен дәлелдеп жатырсыздар. Әрдайым сергек болып, елге қызмет ете беріңіздер. Баршаңызға денсаулық, сәттілік, табыс тілеймін! – деді Дархан Сатыбалды.
Мәслихаттардың 30 жылдығын атап өту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы жарысқа облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппаратының қызметкерлерінен құралған 18 команда қатысуда. Жарыстың жүлде қоры да қомақты. Бірінші орынға 1 млн теңге, кубок және медальдар тапсырылады. Екінші және үшінші орын алған командалар да қомақты сыйлыққа ие болады. Сонымен бірге үздік ойыншыларға бағалы сыйлықтар беріліп, құрмет көрсетіледі.
27 қазан күні «Turkistan Marathon» шарасының өтуіне байланысты, таңғы сағат 7:30-дан 14:20-ға дейін марафон қашықтығы өтетін жерлерде жол қозғалысы ішінара жабылады. Түркістанның әдемі тарихи орындарында 3000 адам жүгіреді. Сөре мен мәре visit Center Turkistan маңында […]
Салауатты ұрпақ – жарқын болашақтың негізі. Осы ұстанымды басты бағыт еткен Түркістан облысында балалар мен жасөспірімдер спортына ерекше көңіл бөлініп келеді. Ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, жас спортшыларды қолдау және олардың спорттық әлеуетін дамыту мақсатында өңірлік […]
Түркістан қаласындағы жалпы білім беретін мектептерді биыл 3063 оқушы сәтті аяқтады. 11 жыл бойы білім мен тәрбиенің негізін меңгерген жас түлектер үшін бұл күн – үлкен өмірге бастар маңызды қадамның символы. Қала мектептерінде қорытынды емтихандар […]
Пікір қалдыру