Түркістан қаласында волейболдан 2008-2009 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында Түркістан облысының чемпионаты басталды. Спорттық сайысқа өңірден 12 команда 170-ке жуық волейбол шебері қатысып, бас жүлдеге таласуда. Жарыстың алғашқы күні екі топ бойынша мықтылар анықталып, ертең жүлделі орындар үшін ойындар өтеді.
Волейбол бәсекесін облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Рүстемқызы салтанатты түрде ашып беріп, жарысқа қатысушы аруларды құттықтап, ел чемпионатында облыс намысын лайықты тұрғыда қорғайды деп сенім білдірді. Сондай-ақ, волейболдан қыздар арасында облыстың аға жаттықтырушысы Құрбанбай Оспан сөз алып, спортшыларға жарыстың барысын жан-жақты айтып өтті.
Облыстың аға жаттықтырушысының айтуынша доп додасында Түркістан, Сауран, Отырар, Ордабасы және Шардара аудандарынан келген бұрымдылар жоғары дәрежеде ойындар өткізуде.
Жарыстың мақсаты шеберлігімен көзге түскен ойыншыларды іріктеп, облыс құрамасын жасақтау болып табылады. Сондай-ақ, облыс көлемінде волейбол спортын дамыту мен қатар бұқаралағын арттыру болып табылады. Жеңімпаз және жүлдегер командаларға арнайы тағайындалған алғыс хаттар мен медальдар табысталатын болады.
Айта кетейік, жеңімпаз атанған командалар 30 қазан мен 06 қараша аралығында Өскемен қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында өңір намысын қорғайды. Облыстық біріншілік 07-09 қазан күндеріне жоспарланған. Жарысты облыстық спорт басқармасы ұйымдастырды.
Түркістан қаласында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік кірістер, білім саласы және салық органдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралып, қала дамуындағы […]
Түркістан қаласында 16-19 қыркүйек күндері олимпиадалық стандартқа сай жаңа ескек есу арнасында параканоэда есуден (тірек-қимыл аппараты зақымдалғанадамдарға арналған ескек есу түрі) Қазақстан Республикасының Ашық Кубогін сарапқа салған жарыс аяқталды. 10 түрлі бағдарлама бойынша өткен жарысқа […]
Түркістан қаласына Қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Журналистер Одағының мүшесі, Халықаралық «QAZAQSTAN DAUIRI» ЖШС-нің Бас директоры, «Ел-Ана» қоғамдық-танымдық, әлеуметтік-ақпараттық сайтының бас редакторы Сәуле Мешітбайқызы жұмыс сапарымен келді. Елдің анасы атанған […]
Пікір қалдыру