Түркістан қаласында 16-19 қыркүйек күндері олимпиадалық стандартқа сай жаңа ескек есу арнасында параканоэда есуден (тірек-қимыл аппараты зақымдалғанадамдарға арналған ескек есу түрі) Қазақстан Республикасының Ашық Кубогін сарапқа салған жарыс аяқталды.
10 түрлі бағдарлама бойынша өткен жарысқа көршілес Өзбекстан, Астана, Шымкент, Қарағанды және Түркістан облысының параканоэшілері қатысып, өзара мықтыны анықтады. Тартысқа толы бәсекенің нәтижесінде Түркістан облысының құрамасы 3 алтын, 1 күміс медальді иеленсе, Астана қаласының командасы 1 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдеге қол жеткізді. Ал Шымкент қаласының спортшылары 2 алтынды өз аттарына жазса, өзбекстандық құрама 4 алтын, 6 күміс және 4 қола медальді еншіледі. Сондай-ақ, Қарағанды спортшылары жалғыз қоланы місе тұтты.
Спорттық бәсекенің жабылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, сайыс қорытындысында жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларды құттықтады. Сондай-ақ аталған жарысқа Халықаралық байдарка және каноэда есу федерациясының (ICF) вице-президенті, спорттық басқару профессоры Сесилия Фариас арнайы келді. «Түркістандағы ескек есу каналында алғашқы сайыс ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Бүгінгі бәсекеге еліміздің басқа өңірлерімен қатар көршілес Өзбекстаннан спортшылар қатысып отыр. Түркістан облыс әкімдігі тарапынан спорттық жарыстарға қолдау көрсету жалғасады. Ескек есу каналының құрылысы толық аяқталса, Орталық Азиядағы үздік спорт кешендердің бірі болмақ. Мұнда ескек есу спортынан жарыстар өткізіп, туризмді дамытуға мүмкіндік тумақ. Облысымызда спорт саласындағы жетістіктер арта берсін», – деді облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға қала әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен жауапты мекеме басшылары қатысты. Қабылдауда азаматтардың негізгі көтерген мәселелері — тұрғын үй кезегіне тұру, қаладағы инфрақұрылым, […]
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте қала өміріне қатысты негізгі мәселелер жан-жақты талқыланды. Мәжіліске әкім орынбасарлары, бөлім басшылары, дербес сала өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылығы, кірістер басқармасы мен ветеринария бөлімі қатысты. […]
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) аймақтармен байланыс жөніндегі өкілі Марат Такенов Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл ҚФФ өкілдерінің өңірге алғашқы ресми сапары емес, алайда бұл жолғы кездесулер мен талқылаулар – ерекше маңызға ие. Сапар аясында […]
Пікір қалдыру