Түркістанда даңқты боксшы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған бокстан ересектер арасында ХХХ-шы халықаралық турнир мәресіне жетті. Апта бойында шаршы алаңда қолғап түйістірген жұдырықты жігіттердің жеңімпаздары белгілі болды.
Тартысқа толы өткен бокс бәсекесіне барлық командалар жоғары дайындықпен келген. Сен тұр, мен атайын деген сайыпқырандар ринг көркін қыздырып, нағыз бокс бәсекесін көрсетті. Нәтижеге тоқталсақ Түркістан облысының 6 боксшысы ақтық сынға жолдама алып, 3 алтын медальді қанжығалады. Қоса кетейік, 3 күміс және 2 қола жүлдесі тағы бар. Жүлде салған боксшыларды атап өтсек, 60 келіде Аділет Құрметов, 71 келіде Аман Қонысбеков, +92 келіде Даниял Сапарбайлар алтыннан алқа тағып, жерлестеріне зор қуаныш сыйлады. Ал 63,5 келіде қолғап түйістірген Бақтияр Анарбаев, 71 келіде Темірхан Тезек, +92 келіде Нұрлан Сапарбай сынды талантты боксшылар күміс жүлдеге қол созды. Сонымен қатар, 75 келіде Рамазан Дәуетай, +92 келіде Айбек Эрметовтер қолма медальді қанағат етті.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қалтаев, Әбдісалан Нұрмахановтың жұбайы Күлбаш Шаймерденова, Түркістан кәсіпқой бокс клубының директоры, бокстан Әлем чемпионы Қайрат Ералиев, Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Шынболат Райханов турнирдің үздіктерін құттықтап, арнайы тағайындалған медальдар, белбеулер және алғыс хаттармен марапаттады.
Естеріңізге сала кетейік, бокс бәсекесіне еліміздің 15 аймағынан және көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Камбоджа мемлекеттерінен іріктелген 145 былғары қолғап шебері 13 салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтаған болатын.
2025 жыл – Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» ретінде жарияланғаны белгілі. Осыған орай Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған ауқымды форум өтті. «Адал азамат, адал еңбек, адал табыс» атты бұл іс-шара облыс […]
Түркістандағы Байбұрт, Т.Бокин, Ә.Темір, Т.Нышанов, Қазыбек би, Шекті тілеу, С.Қожанов көшеліріндегі жаяу жүргіншілер жолағы мен жол сызықтары жаңартылуда. Қалалық «Түркістан жол қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың соңғы 6 айында Б.Саттарханов даңғылы, Тауке […]
Заманауи үлгіде жабдықталған кешенде шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және хоккей сияқты қысқы спорт түрлерімен жыл бойы айналысуға қажетті барлық жағдай жасалған. Нысанда Италия, Канада, Германия, Финляндия елдерінде шығарылған қондырғылар орнатылған. Арнайы технология алаңның пішінін өзгертуге мүмкіндік […]
Пікір қалдыру