Дені сау ұлт қалыптастыру – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі. Ал денсаулықтың кепілі спорт екенін жақсы білеміз. Сол үшін де мемлекет тарапынан спорт саласына әу бастан қолдау көрсетіліп келеді. Еліміздің оңтүстік бөлігінде футболға деген жастардың қызығушылығы күн санап артып келеді.
Түркістандық жастар футбол командасы Қазақстан чемпионатының Екінші жасөспірімдер лигасында жеңімпаз атанды.
Сәуір айында басталған, 18 команда қатысқан, 4 айналымнан тұратын жарыста жерлестеріміз үздік ойын көрсетті.
Жалпы, «Түркістан» командасы 4 айналымда 19 ұпайға қол жеткізіп, финалдық ойынға жолдаманы жеңіп алған болатын.
Көкшетау қаласында өткен финалдық ойында “Жеңіс” және “Жетысу” командаларын жеңіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атанып, “QJ League” ойындарына жолдама алды.
Жаттықтырушылары: Ержан Бейсенов және Раушан Худайназаров.
Футболды жаттықтыру сабақтары жыл бойы әртүрлі географиялық және ауа-райының өзгеруіне байланысты болғаннан кейін футболшылардың ең алдымен төзімді болуына, әр жағдайға үйреншікті болуына, демек организм нің сыртқы күшке қарсылық туғыза білуінеталап қойылады. Сонымен қатар футбол ойынын спорттың басқа түрлеріне жиі пайдаланып отырады. Себебі футбол ойыны арқылы спорттың басқа түрлерінің өкілдеріне жалпы денелерінің шынығуына, дене қозғалысының дұрыс артуына және ұйымшылдық пен достық сияқты ерекше қасиеттерін тәрбилеуге үлкен маңызы зор. Сол себептен Қазақстан футболын барынша дамыту қажет. Бүгінгі күнде футбол — әлемдік аренада үлкен
мәнге ие болып тұрған спорттың түрі болғандықтан, қазақстанда да оның өрісін кеңейту қажет.
«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Спорт — адам денсаулығын нығайтып, өмірін ұзартатын, көңілін көтеретін, ерекше әсер қалдыратын процесс. Спортпен жастайынан айналысса, ол баланың өмірге деген көзқарасы өзгеріп , жақсы жаққа қарай ауады. Сонымен қатар, жаман қылықтардан аулақ болады. Яғни, темекі, ішімдік, нашақор деген жаман нәрселерден алысырақ жүретін болады. Сонымен қатар өзін сыйлайтын әр спортшы гигиенаны сақтайды. Бұл да улкен бір жақсы қасиет. Міне, түркістандық жастардың спортқа ден қойып, одан нәтиже шығаруы спортқа деген адалдығының арқасы деп білеміз.
Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, өңірдегі бірқатар маңызды мәселелер қаралды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Жиында алғаш болып сөз алған Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев қаланың құрылысы, мемлекет қажеттілігіне […]
Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен сала мамандары 2019 жылдың 13 желтоқсанда Түркістан қаласындағы «Шапағат», «Дастархан», «Дастан», «Береке», «Бәйтерек», «Жібек жолы» сауда үйлерінде және «Қуаныш», «Алтын бұлақ» базарларында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді. […]
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Әлем біріншілігі Қазақстан сурдо дзюдо федерациясы мен Қазақстан Сурдлимпиада комитетінің ұйымдастыруымен өткізілмек. Аталған федерация мәлім еткендей, әлем чемпионатына 25 елден 200 спортшы қатысады деп жоспарланған. Қазақстан тарапынан 22 дзюдошы […]
Пікір қалдыру