Түркістанда би жанры бойынша «TurkiSTAR» балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық өнер фестивалі өтті. «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде қатарынан екі күн бойы жалғасқан байқау Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлер тарапынан ұйымдастырылған үйірмелер арасында өткен болатын.
Дарынды балаларға қолдау көрсетуге, өскелең өрендеріміздің шеберлігін шыңдап, өнерге ынталандыру мақсатындағы байқауға жас би ұжымдары екі кезең бойынша өнерлерін ортаға салды. Алғашқы кезеңде халық биін билесе, ақтық кезеңде өз таңдауларына сай еркін тақырыптағы биді биледі.
Би байқауында ҚР Мәдениет қайраткері, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің хореография мамандығының аға оқытушысы Гүлнәзия Тәуекелова, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының мәдени ұйымдастырушысы Зағипа Өмірзақова және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің «Спорт және өнер» факультетінің декан орынбасары Меңдіғани Жүсіпбаев қазылық етті.
Сайысқа облыстың әр аудан, қалаларынан келген 60 би ұжымы бақ сынады. Қазылар алқасының шешімімен I орын Жетісай ауданының «Аққу» би тобына бұйырды. Ал жүлделі II орынды Сайрам ауданынан қатысқан «Жұлдыз» би ансамблі мен Жетісайдан келген «Бегайым» би ансамблі иеленді. Жүлделі III орынды Түркістан қаласының «Амина» би тобы, Арыс қаласының «Dance Stars» би тобы және Отырар ауданының «Бақыт айдыны» би ансамблі қанжығаларына байлайды. Бұдан бөлек үздік деп танылған би ұжымдарына арнайы жүлделер табысталды.
Айта кетейік, бұған дейін аталған фестиваль ән жанры бойынша өткен болатын. Жыл соңына дейін актерлік шеберлік, көркем сөз оқу және қылқалам, қолөнер шеберлері мен киім дизайны жанрлары бойынша өткізілмек.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов тұрғындарды қабылдады-деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігі Қоғамдық қабылдауда облыстың 7 тұрғыны жеке мәселелері бойынша […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен аппараттық мәжілісте осындай міндет қойды. Күн тәртібінде әуежайдың және онда баратын автомобиль жолының құрылысы мен көлік инфрақұрылымының жоспары, Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік және мәдени-рухани орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың […]
2024–2025 оқу жылы Түркістан қаласындағы мектеп түлектері үшін айрықша табысты әрі есте қаларлық жыл болды. Қалалық білім бөліміне қарасты 37 мемлекеттік және қала аумағындағы 8 жекеменшік мектепті 3063 оқушы аяқтап шықты. Олардың 2468-і Ұлттық бірыңғай […]
Пікір қалдыру