Түркістанда «Республика күні» және «Қала күні» мерекесіне орай, баскетболдан 2009-2010 жылғы ұлдар арасында Халықаралық турнир басталды.
Спорт шарасының ашылу салтанатына қалалық «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» сектор меңгерушісі Марат Әсілбаев, қалалық «№2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры Ануар Сәрсенбаев қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Баскетбол жарысына Өзбекстан Республикасының Ташкент және Самарқанд қалаларынан, Алматы облысы, Кентау мен Арыс қалаларынан, сондай-ақ түркістандық жалпы 8 команда қатысуда.
Сайыс қазан айының 20-жұлдызына дейін жалғасып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
«Ұлы дала елі» орталығында Түркістан қалалық мәдениет үйінің бірлесе ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың 120 жылдығына орай танымдық-мәдени шарасы өтті. «Халқының адал перзенті» атты жиынға туған ауылынан көзін көрген замандастары, зиялы қауым […]
Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, өңірдегі бірқатар маңызды мәселелер қаралды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Жиында алғаш болып сөз алған Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев қаланың құрылысы, мемлекет қажеттілігіне […]
Түркістан қаласында ұстаздарға деген құрметтің жаңа бір көрінісі ретінде ұлағатты ұстаздарды ұлықтауға арналған ерекше фотогалерея жасақталды. Бұл игілікті іс-шараны өңірдегі білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті ұйымдастырып отыр. Мақсат — білім беру саласында орасан зор […]
Пікір қалдыру