«Ұлы дала елі» орталығында Түркістан қалалық мәдениет үйінің бірлесе ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың 120 жылдығына орай
танымдық-мәдени шарасы өтті. «Халқының адал перзенті» атты жиынға туған ауылынан көзін көрген замандастары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Келушілерге Нұртас Оңдасынов атындағы музей-филиалының құнды жәдігерлерінен арнайы тақырыптық көрме жасақталды.
Мазмұнды жиын біртуар тұлға жайлы бейнероликпен басталды. Жиында сөз алған Сауран ауданы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің төрағасы Тілес Ақай, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Қалыйма Жантөреева шараны ашып беріп, ұлт қайраткерінің еңбектеріне тоқталды. Түркістан қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Ұлжалғас Мұстафаева, қалалық мәслихат депутаты Ғалымжан Құдияров өз кезегінде тұлға жайлы ой бөлісті.
Нұртас Оңдасыновтың өмірі мен қызмет жолын, шығармашылығын насихаттау, туған жердің тұлғаларын жас ұрпаққа таныту мақсатында ұйымдастырылған шара барысында «Шұғыла» халықтық мәдени-үгіт бригадасы Нұртас Оңдасынов туралы баяндады. «Яссы» халықтық би ансамблі, Ұлжалғас Шілдебаева, Данагүл мен Шыңғыс, Райым Бақытұлы, Ынтықбай Дана және тағы басқа қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ән шырқап, би биледі.
Айта кетейік, Түркістан облысындағы бірқатар мектептер мен көшелерге, Алматы қаласындағы бір көшеге Оңдасыновтың есімі берілген. Еліміздің көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Нұртас Оңдасынов өзінің өнегелі өмір жолымен Ұлы даланың ұлы тұлғалары тарихында өшпестей із қалдырып отыр.
Түркістанда шахматтан ашық аспан астында біріншілік өтті. Сайысқа шахмат үйірмесінің 2-3 санаттағы жас спортшылары қатысты. Жалпы интеллектуалды ойында 40 оқушы бақ сынады. Жас шахматшыларды төрешілер алқасы қадағалады. Айта кетейік, таза ауада, яғни, «Жеңіс» саябағында өткен […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына рухани және тарихи орталық ретіндегі ерекше мәртебе мәселесін көтеріп, тиісті тапсырма берген болатын. Осыған байланысты жаңа заң жобасы әзірленді. Заң жобасы 4 тараудан және 15 баптан тұрады. Мақсаттары мен […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен ашылған «Жастар» саябағы заманауи талаптар мен қала тұрғындарының сұраныстарына толық сай келетіні қуантады. Жалпы соңғы жылдары Түркістан қаласының келбеті күрделі өзгерістерге ұшырап, тарихи және мәдени мұраларды сақтай отырып, жаңа […]
Пікір қалдыру